Татьяна Ларина қонақжайында
- Толығырақ
- Құрылды 07.06.2019 17:23
6 маусым Пушкиннің туған күні «Татьяна Ларина салоны» әдеби-музыкалық қонақжайында аншлаг болды. Барша ақын өлеңдеріне табынушылар мен оқырмандар ақын шығармашылығымен сусындап, Пушкиннің өлеңдеріне жазылған романстарды тыңдап, XIX ғасырдың аристократиялық қонақжайының сиқырлы атмосферасына терең үңіле алды.
Ольга Штраубтың жетекшілігіндегі «Ертіс концерт» камералы оркестрі кешке ерекше сипат берді. Музыканттар М. Глинка, П. Чайковский, С. Рахманинов, Г. Свиридовтың керемет туындыларын орындады.
Дәстүрлі әдеби-музыкалық салонның нәзік жанды қожайыны – Людмила Васильевна Романюк болды. Ол іс-шараны жүргізіп қана қоймай, аудиториямен тығыз байланыс орната білді. Салон қонақтары Карл Брюлловтың Наталья Гончарова портреті туралы көпшілік біле бермейтін фактілерді естіп білді. Сондай-ақ, ақынның «Ночь» өлеңінің жарыққа шығуына ықпал еткен жас итальяндық қыз Амалия Ризничтің Пушкин өміріндегі орны жайлы мәлімет алды. Бақшасарайдағы «Бұрқақ жасының» пайда болуы жайлы керемет аңызды ести отырып, тыңдаушылар бір мұңайып та алды. Өнертанушының тартымды әңгімелері А. С. Пушкиннің өлеңдеріне жазылған романстармен кезектесіп отырды. Романстарды орындаған «Ертіс концерттің» жетекші солисттері – Елена Пилипенко мен Айжан Мазкенова.
Қонақжайға қатысушылар ақын шығармалары бойынша ұйымдастырылған конкурстар мен викториналарға қатысып, «жанды суреттер» ойнатуда өздерінің әртістік таланттарын көрсетті. Ерекше көзге түскен қатысушыларға Пушкин портретімен қапталған конфеттер сыйға тартылды. Сондай-ақ, іс-шара барысында «Менің Пушкинім» фотосайысы мен тақырыптық синквейн, центон жазудан шығармашылық калейдоскоп қорытындыланып, қатысушыларға диплом мен естелік сыйлықтар табысталды.
Кеш соңында барша қатысушылар мәз-мейрам болып, көтеріңкі көңіл күймен қайтты. Әрине, себебі Пушкин поэзиясы әрқашан шабыт сыйлайды.
моб.: 87053180950
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26339484
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы