Денім сау болсын десең...
- Толығырақ
- Құрылды 19.06.2019 11:14
Ата-бабаларымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаса керек. Денсаулығымыз мықты болса, әр кез сымбатты көрініп, көтеріңкі көңіл-күйде жүреміз. 19 маусым күні кітапханада «Денсаулық. Оқу. Білім» деген атпен әдебиеттер көрмесі ашылды.
1 қабатта орналасқан кітап көрмесінің жанында кітапхана мамандары ең басты байлығымыз денсаулық туралы оқырмандармен әңгімелесіп, кітап-журналдар ұсынды.
- Көрмеден орын алған Ли Дюбель, Лидия Путинцева, Винтер Гриффиттің кітаптарынан бүгінгі таңда ең өзекті болып отырған дұрыс тамақтану мәселесі, жеміс-жидек, шөп пен минералдардың құпиясын ашады.
Көрменің халықтық медицинаға арналған бөлімінен Өтеген Әбдіраман, Колин Кэмпбелл, Геннадий Малахов, Юрий Хванның кітаптарын таба аласыздар. Ал, жаман әдеттерден арылудың жолдарын Аллен Карр, Дипак Чопр және Андрей Курпатовтың еңбектерінен оқуға болады.
Сондай-ақ, осы тақырыптағы барлық әдебиеттер мен журналдарды осы көрмеден таба аласыздар!
Құрметті оқырмандар! кітап көрмесі бір ай бойы жұмыс істейтін болады. Келіңіздер! Біздің есігіміз сіздер үшін әрқашан ашық!
Байланысшы: Жансая Ашкенова тел.261 333,ішкі 119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26332443
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы