homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Өмір Заңы» кітап көрмесі
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Өмір Заңы» кітап көрмесі

 Кітапханада 27-30 тамыз, яғни Конституция күні қарсаңында «Өмір Заңы» атты кітап көрмесі жұмыс істейді. Онда әркім еліміздің көне заманнан бастау алып, ХХІ ғасырдағы зерттеулермен аяқталатын конституциялық ой-пікірдің қалыптасуы мен даму тарихына тарихи экскурс жасайды.

Көрменің «Қазақ елінің ұлттық идеясы» атты бірінші бөліміне Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік», Орта ғасыр ойшылы Әл-Фарабидің ең маңызды саналатын еңбектері, «Елтұтқа», тарихи тұлғалар туралы мағлұматтар, «Бабадан қалған асыл сөз» кітабында Ұлы Даланың шешендік өнері, ел билеген қағандар мен әскери қолбасшылардың, данышпан тұлғалардың ел ішін ауызбірлікке, татулыққа шақырған салиқалы ой-толғаныстары топтастырылады.
«Конституция – ел дамуының қайнар көзі» атты бөлімде «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген «Қазақтың ата заңдары», Әз Тәукенің «Жеті жарғы» заңдар жинағы және Қазақстан Конституциясының негізгі бағыттары және мемлекетіміздің үш билігі - Президент, Парламент, Үкімет және Конституциялық кеңес жайлы мәліметтерді табуға болады.
«Жаңа Қазақстан – Ұлы дала Елі» бөлімі еліміздегі жаңа бағдарламалар жайлы сыр шертеді. Тұңғыш Президентіміз, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы, «Мәңгілік ел. Ғасырға бергісіз жылдар» атты кітабы, «Ұлы дала елі» кітабы және еліміздің мемлекеттік құрылымы, тарихы, табиғаты, экономикасы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, мәдениеті, туризмі, көрікті тарихи, табиғи жерлері және ұлттық тағамдары мен ойындары, т.б. туралы кітаптарды осы бөлімнен таба аласыздар.
Әрбір қазақстандық Конституция құндылықтарын білуге және оны тәжірибеде қолдануға міндетті. Себебі, Конституция – еліміздің өркендеуінің кепілі. Баршаңызды Конституция күнімен құттықтай отырып, көрмемен танысуға шақырамыз!

 

Байланысшы: Калиева С.
Тел.:26-13-33

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26339484
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102