"Тіл-татулық тірегі"
- Толығырақ
- Құрылды 05.09.2019 15:29
2019 жылдың 2 қыркүйегінен бастап кітапханада Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай «Тіл – татулық тірегі» атты кітап көрмесі жұмыс істейді. ҚР Премьер-Министрдің қаулысымен 2018 ж. бастап 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді.
Сәбит Мұқанов өз сөзінде «Қазақ тілі мен кітабын жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргетасын қалаған алғашқы адам – Ахмет» деген болатын. «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген Ахмет Байтұрсынов туған тілінің әдеби нормасын жасап кетті.
Бірде-бір бөгде тілдің сөзін қоспай, цитата келтірмей, таза, мөлдір тілмен «Әдебиет танытқышты» жазып қалтырды. Көрмеден ғалымның шығармалар жинағымен және «Қазақ тілінің мәселелері», «Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы» кітаптарымен танысуға болады.
Көрмеден орын алған Д.Әбділәшімұлының «Ескі қазақ жазба тілі» атты кітабында ескі қазақ жазба тілінің әліпбиі, таңбалар, шартты белгілер берілген. Сонымен қатар, кітапқа бұрын соңды ғылыми айналымға түспеген, әрбір оқырман қызығы оқитын деректер – қазақ хандығы тұсында әр кезеңде жазылған құжаттар енгізілген.
«Қазақтар «Мен қазақпын!» деген сөзді мақтанышпен айтуы керек» деген сөздердің авторы Г.К.Бельгердің «Қазақ дәптері» атты кітапшасы да оқырман назарына ұсынылған. Кітапта қазақтың ділі, рухы, табиғи ерекшелігі, әдебиеті сөз болады.
Кезінде аударма, терминология, қазақ тілінде іс жүргізу сияқты салаларда байыпты зерттеулер жасап, «Құжат тілі», «Анықтама сөздік», «Екі тілде іс жүргізу» деп аталатын сүбелі еңбектер шығарған жерлесіміз К. Юсуптың кітаптарын да осы көрмеден табуға болады. Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарының тілі, ондағы сөз қолданысы мен жалпы тіл мәдениеті жиі әңгіме арқауына айналып жүр. Осы орайда, тіл мен сөздің жүйесі бұзылмасын десек, тіл тазалығына көңіл бөлу керек деген ой-толғамдары берілген А.Сейлханның «Тіл мәдениеті» кітабын парақтаған артықтық етпейді. Қазақстанда тұратын көпұлтты халықтар тілдерін тереңірек түсінуге арналған сөздіктер де оқырмандар игілігене ұсынылып отыр. Бай да құнарлы қазақ тіліндегі сөздердің мәнін түсіндіретін түсіндірме сөздіктерді парақтап, ана тіліміздің терең иірімдеріне бойлауға болады.
Көрмеден ерекше орын алған – Абай Құнанбайұлының қытай, неміс, латыш, литва, моңғол тілдеріне аударылған шығармалары мен бірқатар қаламгерлердің шет тілдеріне аударылған еңбектері.
Тіл – әр халықтың қазынасы, құндылығы. Еліміздің татулығын, тіліміздің байлығын арқау еткен аталмыш әдебиеттерді қамтитын көрмемен танысуға шақырамыз!
Байланыс тел.261 333 ішкі..119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26351480
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы