Отбасымен бірге кітапханаға!
- Толығырақ
- Құрылды 07.09.2019 12:54
Кітапханаға бүкіл отбасымен келуді біздің жерлестеріміз жақсы дәстүрге айналдырды. Осы демалыс күндері Отбасы күні қарсаңында бізге кішкентай оқырмандарымыз аналары мен әкелері, ата-әжелерімен келді.
Отбасы жас мүшелері мобильді планетарийде ғалам кеңістігін тамашалап жатқанда, ата-аналар да өздеріне ұнайтын іспен айналысты. Біреулер «Жас ата-аналарға кеңес»: көрмесінен тәрбие мен білім туралы кітаптарды парақтаса , ал біреулер қызықты ақпараттық журналдардмен танысты. Білім орталығындағы жастар зияткерлік үстел үсті ойындарына белсене кіріссе, ал балалар секторындағы балалар «Балалар фантазиясы»үйірмесінде саздан әр түрлі фигуралар жасап, шығармашылықтарын дамытты. Сондай-ақ, балалар бөлімінің мамандары «Отбасымен оқимыз» отбасылық оқу клубында бас қосып, бәрі бірге өздерінің сүйікті ертегілерін тыңдап, қызықты викториналарға қатысты.
Бұл күні көптеген ата-аналар балаларын ағылшын тілі, шахмат, LEGO –құрастыру, бағдарлама жасау, 3D-модельдеу, фотоклуб сияқты ақысыз үйірмелер мен клубтарға: жазу үшін алып келді.
Отбасы Күніне арналған іс-шаралардың ішінде өткен ерекше басқосулардың бірі - аға буын өкілдері мен жастар арасында өткен «Отбасы құндылықтары»- атты дөңгелек үстел отырысы болды. Кездесуде отбасы туралы, жастар мен ата-ана тәрбиесі, қоғам тәрбиесі туралы ой өрбіді.
Қоғамның маңызды бөлшегі, ұлт тірегі отбасы құндылығы қашанда алдыңғы орында.
Кездесуде ұзақ жылдар мәдениет саласында еңбек еткен 4 баланың анасы немере тәрбиелеп отырған зейнеткер ана Мейрамгүл Тұрсынханова, ақын, жазушы Күлмай Сембайқызы, ақын Гүлжанат Ихсанова және біздің тұрақты оқырмандарымыз, студенттер мен оқушылар қатысты. Отырыста
Табиғат сыйлаған кереметтердің бірі – Жанұя құндылығы, сыйластық, жарастық орнаған орта отбасындағы тәрбие, әке мен ананың бала тәрбиесіндегі рөлі, бүгінгі қоғамдағы жастардың отбасылық өмірге деген көзқарасы және т. б. мәселелер талқыланып, ортаға салынды. Басқосу соңынан жастар өз ойларын ортаға салып, осындай тәрбиелік мәні зор кездесулер жиі өткізілсе деген ұсыныстарын білдірді.
Бір сөзбен айтқанда, кітапхана – отбасымен бос уақытты тиімді әрі қызықты өткізудің жақсы, қызықты және танымдық орны. Қош келдіңіздер!
Байланыс тел.: 26-39-46
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26341897
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы