«Борис Щербаков: сыршыл табиғат жыршысы»
- Толығырақ
- Құрылды 17.09.2019 15:48
20 қыркүйек күні сағат 15.00-де А.С.Пушкин атындағы кітапханада ғалым-орнитолог, жазушы-өлкетанушы Борис Васильевич Щербаковтың туғанына 80 жыл толуына орай мерекелік кездесу өтеді.
Ғалым-натуралист өзінің саналы ғұмырын Шығыс Қазақстан облысының таңғажайып табиғатын сақтауға арнады. Борис Щербаковтың бастамасымен Батыс-Алтай табиғи қорығы құрылып, 10 жылға (2017 жылдан бері) көктемгі аңшылыққа тыйым салынды. Борис Щербаковтың қатысуымен Тарбағатай табиғи қорығы, Марқакөл қорықтары ашылып, сонымен бірге, Тарханка және Риддер аудандарында ағаш кесу тоқтатылды. Ғалым Қазақстан, Орта Азия, Алтай, Индия, Вьетнам және тағы басқа елдерге 300-ден астам экспедиция жасап, нәтижесін осы елдердің табиғаты жайлы қызықты және танымдық очерктерінде баяндайды.
Мерейтой иегерінің қызметі ғылыми еңбектерімен шектелмейді. Борис Щербаков – 35 көркем, ғылыми-көркем және ғылыми-танымдық кітап, әңгіме, эссе, сондай-ақ, педагогика, ботаника, экология, миграция, эволюция, құстар, бауырмен жорғалаушылар, сүтқоректілер әлемі туралы жазған 200-ден аса ғылыми публикация авторы. Мерейтойлық кездесуге арналған арнайы көрмеден оқырмандар Борис Щербаковтың әр жылдары жазған кітаптарымен таныса алады. Соның ішінде: «У каждой сказки своя правда…» қызықты жинағы, «Старое подворье» тартымды әңгімелері, «Доктор Филипп и его друзья, или криминальные истории в природе» детективі бар, онда автор адамның қоршаған ортамен өзара құпия сырға толы байланысын ашады. Ғалым Борис Щербаков пен Виктор Понявиннің «Восточный Казахстан – сердце Евразии» атты іргелі еңбегі 1140 беттен тұратын өзіндік жол көрсеткіш. Аталған еңбек облысымыздың табиғатын, аңыз-әңгімелерін, жергілікті географиялық атаулар тарихын әңгімелейді. Сондай-ақ, 40 жылдан астам уақыт бойы жинаған дала экспедициялары материалдары енген еңбекті – ҚР Бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаев ерекше бағалады.
Жазушының «Путь к Абаю» (2005) және «Звездная степь Жидебая» (2017) еңбектері, оның қарапайым табиғат әлемі соқпағынан басталып, қазақ әдебиетінің алып шыңы – қазақ ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбаевқа дейінгі терең шығармашылық жолдан өткенінің айғағы. 2018 жылы «Абай әлемі»/«Мир Абая» кітап сериясы» жаңа өңірлік жобасымен Б.Щербаковтың жаңа жинағы жарыққа шықты.
Мерейтойға ғалым-жазушыны құттықтау үшін жазушылар, журналистер, «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің мүшелері, жас ақындар, кітапханашылар, оқушылар мен студенттер жиналады.
Б.В. Щербаков шығармаларын ұнатып оқитын оқырмандарды жазушымен кездесуге шақырамыз.
Байланысшы: Жанна Сакпанова
Тел.: 26-13-33 (123)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26339858
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы