Отбасындағы қаржылық сауаттылық
- Толығырақ
- Құрылды 08.11.2019 16:19
8 қараша, Ұлттық валюта – теңге күні қарсаңында кітапхананың Білім орталығында «Отбасындағы қаржылық сауаттылық» атты сыныптан тыс іс-шара өтті. Шараға №4 орта мектебінің 8-сынып оқушылары қатысты.
Танымдық кездесу сабағы ойын түрінде өтті.
Ой сергіту мақсатында оқушылар «Қаржылық сауаттылық дегеніміз не?», «Қаржылық сауаттылық отбасына қажет пе?», «Банктегі есепшотын не үшін ашады?», «Қолма-қол ақшасыз есептесу дегеніміз не және ол несімен тиімді?» деген сұрақтарға шамалап өз ойларын білдірді. Сондай-ақ, аталған тақырып аясында Көшбасшылар клубының жетекшісі, табысты кәсіпкер, бизнес-тренер Аллахвердиева Эльвира Адалатқызы бизнесте үлкен жетістікке жетудің қыр-сырымен, ақшаны дұрыс үнемдеу жолдары туралы танымдық әңгімесімен бөлісіп, жастардың қаржылық сауаттылық танымын жетілдіру жөнінде өз тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу барысында танымдық түрлі ойындар ойналды, мысалы «Отбасы шығыны» отбасылық шаруашылықты дұрыс жүргізу жөнінде. Кездесу соңында балалар «Ақша - жақсылық немесе зұлымдық» деген екі ойда өз ойларын ортаға салды.
Кездесу барысында танымдық түрлі ойындар ойналды, мысалы «Отбасы шығыны» отбасылық шаруашылықты дұрыс жүргізу жөнінде. Кездесу соңында балалар «Ақша - жақсылық немесе зұлымдық» деген екі ойда өз ойларын ортаға салды.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26343367
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы