homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВҚазақстан тарихы бойынша ашық диктант-викторина
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Қазақстан тарихы бойынша ашық диктант-викторина

2019 жылы 13 желтоқсан сағ.11.00-де А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының Білім орталығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері: Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күніне орай тарихи диктант-викторина өтеді. Тарихи диктанттың миссиясы - жоғары сынып оқушыларын, студенттер мен ересектерді өз Отанының тарихын мұқият зерделеуге тарту және жаңа білім алуға деген қызығушылықтарын қолдау.

Тарихи викторина үш тақырыптық категория бойынша 25 сұрақтан тұрады: "Қазақстан этнографиясы", "Қазақстанның қазіргі тарихы", "Шығыс Қазақстан өлкетануы". Қатысушылар 30 минут көлемінде өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтары бар бланкілерді толтырады. Берілген уақыт өткеннен кейін викторина жүргізушісі дұрыс жауаптарды жариялайды. Диктант қатысушылары әр тақырып бойынша дұрыс сұрақтарды жинақтап, толық балл шығарады. Ең көп балл жинаған тарих білгірлері жеңімпаз дипломдарымен марапатталады.
Кітапхананың екінші қабатындағы фойеде ұйымдастырылған "Тәуелсіздік жылнамасы" көрмесі диктантқа алдын ала дайындалуға және өз Отанының тарихы туралы білімді жаңартуға мүмкіндік береді. Сіздер үшін – Қазақстан тарихы бойынша көптомдықтар, беделді ғалымдардың зерттеулері, "Мысль", "Отан тарихы", "Қазақ тарихы", "Мәдени мұра", "Парасат" және т.б. республикалық қоғамдық-саяси және ғылыми-әдістемелік журналдардың аналитикалық басылымдары ұсынылады. Сондай-ақ, Сіздер пайдалы білім беру Интернет ресурстарын ақысыз пайдалана аласыздар.
Тарихи диктант-викторинаға барша ниет білдірушілерді шақырамыз. Шараға қатысып, тарихи біліміңізді толықтырып, уақытығызды пайдалы өткізіңіз!
Байланысшы: Максимова Марина,
тел.: 261-333, 87053180950

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26342394
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102