«Ел тарихы - менің тарихым»: ашық тарихи диктант
- Толығырақ
- Құрылды 10.12.2019 17:12
2019 жылы 13 желтоқсанда кітапхананың Білім орталығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері: Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күніне орай тарихи диктант-викторина өтті. Тарихи диктанттың миссиясы - жоғары сынып оқушыларын, студенттер мен ересектерді өз Отанының тарихын мұқият зерделеуге тарту және жаңа білім алуға деген қызығушылықтарын қолдау.
Тарихи викторина үш тақырыптық категория бойынша 25 сұрақтан тұрды: "Қазақстан этнографиясы", "Қазақстанның қазіргі тарихы", "Шығыс Қазақстан өлкетануы". Қатысушылар 30 минут көлемінде өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтары бар бланкілерді толтырады. Берілген уақыт өткеннен кейін викторина жүргізушісі дұрыс жауаптарды жариялайды. Диктант қатысушылары әр тақырып бойынша дұрыс сұрақтарды жинақтап, толық балл шығарады. Ең көп балл жинаған тарих білгірлері жеңімпаз дипломдарымен марапатталды.
Кітапхананың екінші қабатындағы фойеде ұйымдастырылған "Тәуелсіздік жылнамасы" көрмесі диктантқа алдын ала дайындалуға және өз Отанының тарихы туралы білімді жаңартуға мүмкіндік берді. Сіздер үшін – Қазақстан тарихы бойынша көптомдықтар, беделді ғалымдардың зерттеулері, "Мысль", "Отан тарихы", "Қазақ тарихы", "Мәдени мұра", "Парасат" және т.б. республикалық қоғамдық-саяси және ғылыми-әдістемелік журналдардың аналитикалық басылымдары ұсынылды.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26348853
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы