Станислав Черных - тарихшы, мұрағатшы, жазушы-өлкетанушы
- Толығырақ
- Құрылды 15.12.2019 16:00
20 желтоқсан сағ. 15.00-де А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында жазушы-өлкетанушы Станислав Черныхтың 85 жылдығына орай қаламгерді еске алу кеші өтеді. Аталған кешке көрнекті жерлесіміздің достары, таныстары, тарихшылар мен журналистер, қаланың мұрағат, музей мен кітапхана қызметкерлері қатысады.
Отанға деген махаббат - бұл ең алдымен елеулі өлкетану жұмысы, өңірлік тарихты зерделеу, мәдени-тарихи ескерткіштер мен жергілікті ауқымдағы мәдени объектілерді қалпына келтіру туралы Елбасының "Рухани жаңғыру" қоғамдық сананы жаңғырту туралы мақаласында айтылған. Сондықтан біз қала жастарын, жоғары сынып оқушыларын, тарихшы-студенттер мен оқытушыларды Станислав Черных өмірі мен шығармашылығы арқылы туған өлкеге деген ыстық махаббатпен сусындауға шақырамыз.
Станислав Евгеньевич Черных - танымал өлкетанушы, Мұрағат ісінің үздігі, КСРО Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақ КСР мәдениетінің еңбек сіңірген қызметкері, мұрағат мәліметтері негізінде Шығыс Қазақстан облысының тарихы бойынша 1000-нан астам мақала мен очерк жариялап, 200-ден астам радио бағдарлама, 300-ден астам телехабар дайындап, 30 мақаласы Қазақ Кеңес энциклопедиясына енген. Ол "Начало положила крепость", "Воспоминания о Павле Васильеве", "С берегов Иртыша", "Одна, но пламенная страсть", "Под небом Алтая" кітаптарының авторы. Шығыс Қазақстан тарихын насихаттаушы С. Черных туған жеріне деген махаббатын паш етуден еш жалықпаған.
Көп балалы майдангер отбасынан шыққан Станислав Евгеньевич ерте жастан-ақ еңбекке араласып, оның айрықша еңбекқорлығы кейіннен оған нағыз мұрағатшы, өлкетанумен әуестенген өзіндік жазушы болуға көмектесті. Жазушы ортасы мен қызығушылығы қазіргі уақытқа дейін замандастарын таң қалдырады. Оның кітаптары жерлестері арасында кеңінен танымал, ал "С берегов Иртыша" өлкетану жинағы КСРО ХШЖК-нің қола медаліне ие болды.
Патриот Станислав Черных өмірінің соңына дейін өзінің Отанына қызмет етіп, оның адамдарын ерекше сүйді. Оның ынтасы мен өлкетану ісіне берілгендігінің арқасында өлке тарихы мен адам тағдырларына қатысты тың зерттеулер жасалып, жарияланды.
Станислав Евгеньевичтің құжаттық шығармашылық мұрасы Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатында және Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатында мәңгі сақталады. Ал туған өлке тарихын насихаттаушы тұлғамыздың кітаптарын әрдайым А. С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасынан табуға болады. Құрметті оқырмандар, баршаңызды жерлесіміз Станислав Черныхты еске алу кешіне шақырамыз!
Байланыс тел. 261333, Қалиева Бақытгүл
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26339994
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы