Журналист Азамат Қасыммен онлайн-кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 17.04.2020 12:15
2020 ж. 17 сәуір 20.00-де А.С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен фейсбуктегі https://www.facebook.com/azamat.kasym) парақшасында -«Авторлық бейнебаян»#BizBirgemiz акциясы аясында , «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі Азамат Қасыммен онлайн кездесу және оның «Ел-әңгімеші» атты жаңа кітабымен танысу өтеді. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Жылдың үздік жас журналисі» сыйлығының лауреаты Азамат Қасымның кітабына қырықтан астам туған жер, атақты тұлғалар, аймақ тұрғындары мен олардың мәселелері туралы мақалалар, очерктер, жолжазбалар, сұхбаттар енген.
Кітап өлкетанумен айналысатын, өз отанының тарихын зерттейтін, көрнекті жерлестерінің тағдырлары, өмірлерінің белгісіз парақтары туралы жаңа ақпарат білгісі келетін, ұмытылмас тарихи-мәдени және киелі жерлерді аралауды ұнататын адамдар үшін қызықты болады.
Азамат Қасымның «Ел - әңғімеші» кітабінда ұсынылған «Бір мың жылдық тарихы бар шаһар», «4-5 мыңжылдық тарихы бар Құйған астрокешені» атты қызықты мақалаларда Өскемен қаласының мың жылдық тарихы бар екені, ежелгі Құйған күн обсерваториясы - күнтізбелік астрокешені болғаны жайындағы бірталай қызыты және таңғаларлық фактілер келтірілген.
«Шежірелі Шыңғыстау», «Дана Абайдан Даниярға дейін», «Тұлғалар тұрған ғимараттар» очерктері Абай өңірі, оның ішінде Қоңыр әулие үңгірі, Алихан Бөкейханов, Мыржақып Дулатов және басқа алаш қайраткерлері тұрған жерлерідің бүгінгі қалпы және Абай ұрпақтарының тағдыры туралы көптеген жаңа мағлұматтар келтірілген.
«Оралхан Бөкейдің балалық шағы туралы не білеміз» эссесінде және Нұрлан Әкімбаевтан алған «Төбелесті анау бастап, мен аяқтайтынмын» сұхбатында автор О.Бөкейдің туған жері - Катонқарағай ауданындағы Шыңғыстай ауылына барған кездегі оның балалық шақтағы достарымен кездесулері, туған өлкесін, Бұқтырма өзені, Алтай мен Белуха тауларын шексіз сүйген жазушы туралы естеліктері оқырманды қызықтырмай қоймайды.
Кітап авторына онлайн сұрақтар қойып әңгімелесуге аймақтың тарихын зерттеумен айналасатын, жергілікті мәдени және тарихи ескерткіштер мен қасиетті жерлерді сақтауға қызығушылық танытатын барлық жерлестерімізді шақырамыз.
Байланысшы: Абылгазинова Гүлбаршыин, библиограф, 87056241725
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26342792
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы