«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»
- Толығырақ
- Құрылды 20.04.2020 16:30
21 сәуір күні, сағат 16.00-де «Нұрсалауат» Жастар Денсаулық орталығының маманы, арнайы сертификаты бар нутрициолог Юлия Бирюковамен тікелей эфир өтеді (Инстаграм желісіндегі @biryulya парақшасында).
Нутрициолог – тамақтану гигиенасы мәселесімен айналысатын маман. Ол әртүрлі тағам түрлерінің өзара әрекеттесуін, өнімдердің химиялық құрамын, адам денсаулығын жақсарту мақсатында диеталық қоспалар, дәрумендер және басқа да қоспалардың әсерін зерттейді. Нутрициология терапиямен, эндокринологиямен, дәстүрлі және спорттық тамақтанумен тығыз байланысты. Тікелей эфир барысында нутрициолог маман Юлия Бирюкова «Рационалды тамақтану – оңай және қолжетімді» тақырыбында әңгіме өрбітіп, карантин уақытында дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жайлы әңгімелейді. Оның:
• дұрыс тамақтану және тамақтану әдеттерін қалыптастыру;
• тамақты таңдау, дайындау және пайдалану;
• артық салмақтан туындайтын семіздік пен әртүрлі аурулардың алдын-алу;
• отбасы мүшелерін денсаулыққа пайдалы өнімдермен тамақтандыру тәрізді кеңестері мен ұсыныстары әркімге де қызықты болары сөзсіз.
Юлия Бирюкова – тамақтану жөніндегі кеңесші ғана емес, сонымен бірге фитнес-жаттықтырушы.
Ендеше, маман кеңестерін тыңдай отырып, карантин кезінде дұрыс тамақтанайық!
Байланыс тел.: 87051859762;
е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.;
http://pushkinlibrary.kz
http://vko-zozh.kz
#МыВместе #BizBirgemiz #OnlineKitaphana #pushkinlibrary
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26049687
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы