Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Еңбек Армиясы
- Толығырақ
- Құрылды 04.05.2020 13:55
5 мамыр күні сағат 11.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен жазушы-публицист, ҚР Жазушылар одағы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры, Катонқарағай ауданы мен Өскемен қаласының Құрметті азаматы Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаев және өлкетанушы-библиограф Зиза Слямовамен онлайн кездесу өтеді.
Онлайн кездесу А.С. Пушкин атындағы кітапхананың Facebookтегі парақшасында (https://www.facebook.com/groups/pushkinlibrary.kz/) өтеді. Кездесу тақырыбы – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Еңбек Армиясы.
Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында өткелі отырған бұл кездесудің маңызы зор. Қан майданнан тыс қалып, тылдағы ауыр еңбекке араласқан, бүгінде азайып қалған ардагерлердің жүрегін сыздатып, жанын жаралап жатқан ұмытылмас естеліктері, толық зерттелмеген тарихы бар. Тарихтағы сондай ақтаңдақтардың бірі – Ұлы Отан соғысы деп аталған зұлмат жылдары Еңбек армиясына алынғандар тағдыры. А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Еңбек Армиясы» жобасын қолға алған еді. Жобаның мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Еңбек армиясына алынып, жанкештілікпен ауыр жұмыстар атқарған жерлестеріміздің Ұлы Жеңіске қосқан үлесін жас ұрпаққа жеткізу. Бүгінгі ұрпақ соғысқа қатысқан ардагерлермен қатар қолына күрек пен қайла алып жүріп, Ұлы Жеңіске орасан зор үлес қосқан аға ұрпақ өкілдерінің еңбегін біліп, құрметтеуі керек. Осы орайда жерлесіміз Әлібек Қаңтарбаевтың айтар пікірі, орамды ойлары көпшіліктің осы тақырыптағы білімін толықтыра түсері сөзсіз.
Кітапхана жыл соңында «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Еңбек Армиясы» электронды кітабын шығаруды жоспарлап отыр. Еңбек Армиясында жүріп Жеңісті жақындатқан аталар ерлігі назардан тыс қалмасын десеңіз, ондай адамдар туралы деректерді кітапханаға жіберуді сұраймыз.
Көпшілік тыл еңбеккері мен Еңбек армиясын шатастырып алады. Шын мәнінде Еңбек армиясы туралы білгіңіз келсе, онлайн кездесуден тыс қалмаңыз!
Байланысшы:Зиза Мухтархановна, 87055299157
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26331437
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы