"Ақынның сырлы әлемі!": ақын Гүлнұр Зұлқаршынмен онлайн кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 23.06.2020 14:10
2020 жылы 24 маусым сағ. 15.00-де А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ақын Гүлнұр Зұлқаршынмен Facebook парақшасында https://www.facebook.com/gulnur.zulkarshun кездесу өткізеді.
Гүлнұр Зұлқаршын 1979 жылы 10 қазан күні ҚХР Алтай аймағында дүниеге келген. 2009-2010 жж. ақындар айтысының екі дүркін бас жүлдегері.
А.С. Пушкинның 210 жылдығы, С.Сейфулинның 105 жылдығы, Қазақстандағы «Отбасы жылына» арналған облыстық 5-ші өңірлік поэзия байқауларының лауреаты.
2010 жылы Ұлы жеңістің 65 жылдығына арналған облыстық жыр-мүшайрасының 1-орын иегері.
2010 жылы Абай Құнанбаевтың 165 жылдығына, П. Васильевтің 100 жылдығына арналған облыстық жыр-мүшайрасының 1-орын жүлдегері.
2013-жылдан бастап облыстық Мәдениет басқармасына қарасты «Ертіс концерт» мекемесінде жұмыс істеді.
2014-жылы облыстық «Елім деп соққан жүрегім» атты ақындар айтысының «Қалихан Ысқақов» атындағы жүлденің жеңімпазы.
2019-жылы «Күздей күрең тағдырым» атты жыр жинағының авторы. Бүгінде Гүлнұр А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың қызметкері, «Ақиық», «Тастүлек» айтыскер ақындар орталығының, «Тамшы» шығармашылық жастар ұйымының жетекшісі...
Қадірменді өлең сүйер қауым баршаңызды ақын Гүлнұр Зұлқаршынмен өтетін онлайн кездесуге шақырамыз.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26344014
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы