Тіл мәртебесі – ел мәртебесі
- Толығырақ
- Құрылды 19.09.2020 19:52
Белгілі қоғам қайраткері Асанғазы Оразкүл Асанғазықызымен онлайн кездесу 23 қыркүйек күні сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен өтеді. Инстаграм желісінде @orazkul_asangazy парақшасында тіл мәселесіне қатысты салиқалы сұхбат өрбитін болады.
Оразкүл Асанғазықызы 1952 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына оқуға түсіп, сол кездегі ең жоғары саналатын Лениндік степендиат атанады. Еңбек жолын мектепте ұстаздықтан бастап директор қызметіне дейін көтерілген.
Оразкүл Асанқызы әр жылдары Сарыағаш ауданының, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Шымкент қ. әкімінің орынбасары, Астана қ. Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған және 2012 жылғы 5-ші сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Қазіргі таңда Оразкүл Асанқызы ҚР Мәдениет және Спорт Министрлігінің Тіл саясаты бөлімінің «Тіл қазына» орталығы бас директорының кеңесшісі, «Үш Байлық» қоғамдық бірлестігінің басшысы, тіл жанашыры.
Оразкүл Асанқызы «Құрмет» орденімен, «Еңбектегі Ерлігі үшін», «Белсенді қызметі үшін» медальдарымен марапатталған, Қазақ КСР оқу ісінің үздігі, ОҚО Сарыағаш және Бәйдібек аудандарының, Жамбыл облысы Шу ауданының «Құрметті азаматы».Тіл жанашырымен тікелей эфирге қатысуға шақырамыз! Кездесу кейіпкері тыңдарман көкейінде жүрген сауалдарға жауап береді.
Байланысшы: Шомбина А.К., тел. 87051489755
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26348853
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы