Жазушылық – құрмет әрі борыш
- Толығырақ
- Құрылды 24.09.2020 12:52
24 қыркүйек күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелігіне өткен қаламгерлерге куәліктерін тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Жазушылар одағының қатарын жерлестеріміз – суырып салма ақын, журналист, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Серік Құсанбаев пен ақын, драматург Әскерхан Ақтай толықтырды.
Серік Құсанбаев – республикалық айтыстардың бірнеше дүркін жүлдегері, Қазақстанның мәдениеті мен өнеріне қосқан шығармашылық үлесі үшін табысталған көптеген наградалардың, грамоталар мен дипломдардың иегері. 2000 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың, ал 2007 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің айтыс өнері саласындағы үздік шығармашылық жетістіктері үшін марапатына ие болған. Зайсан ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Әскерхан Ақтай – көптеген республикалық ақындар мүшәйрасының жүлдегері әрі Гран-при иегері. «Зүбаржаттың жарқылы» поэтикалық жинағының, «Отың өшпесін», «Жылқышы бидің аманаты», «Ай қарағысы» драмалық пьесаларының авторы.
Салтанатты шараға Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының бірінші орынбасары, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының және «Алтын қалам» қоғамдық сыйлығының иегері Ақберен Елгезек, жазушы-публицист, Қазақстан Жазушылар Одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Әлібек Қаңтарбаев, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының, «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы» қоры сыйлығының лауреаты, Өскемен қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қалқаман Сарин, жазушы, журналист, аудармашы Айтмұхамбет Қасымов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, білім саласының үздігі, белгілі ақын Бақытжан Раисова, жас қаламгерлер – журналист Азамат Қасым, Қызырбек Дүргінбай және Оразай Жеңісұлы қатысты. Барлығы әріптестерін шығармашылықтарындағы жаңа белестерімен құттықтап, дендеріне саулық, еңбектеріне табыс, жаңа жарқын туындылар тіледі.
Сакпанова Жанна, тел. 261333
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26338002
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы