«Мен бүгін әкемді айтып толғанамын...»: онлайн кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 27.09.2020 09:04
Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына арналған іс-шаралар аясында 2 қазан күні А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында еңбек армиясына қатысқан күршімдік Манасбай Исаұлының қызы, ардагер ұстаз, білім беру ісінің үздігі Әнікей Манасбайқызымен онлайн кездесу (Facebook @ pushkinlibrary) өтті.
Қиын жағдайда жұмыс істей отырып, өзінің қажырлы еңбегімен Ұлы Жеңіске жол ашқан Еңбек армиясының қатысушысының бірі біздің жерлесіміз, Күршім ауданының тумасы
– Манасбай Исаұлы болды. 1942 жылы Күршім аудандық Әскери комиссариатымен әскер қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына аттанады. Бірақ соғысқа жіберілмей Челябинск қаласындағы қорғаныс қару-жарақтарын шығаратын ірі металлургиялық зауытқа жұмысқа жеткізіледі. Манасбай Исаұлы сол зауытта еңбек еткен жалғыз қазақ болған. Елге оралған соң Күршім ауданының Қаратоғай ауылында абыроймен еңбек етеді. 1956 жылы Отан қамбасына миллион тонна астық өткізгенге қосқан үлесі үшін «За освоение целинных земель» медалімен, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталған.
Іс-шараның мақсаты - Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Еңбек армиясына алынып, жанкештілікпен ауыр жұмыстар атқарған және кеін ескерілмей қалған жерлестеріміздің Ұлы Жеңіске қосқан үлесін жас ұрпаққа жеткізу және оларға қатысты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, лайықты тарихи баға беру. Тікелей эфирді мына сілтеме арқылы көре аласыздар https://www.youtube.com/watch?v=ztsE5XbZSJY.
Байланысшы: Зиза Слямова, тел. 261333
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26334631
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы