Рухани келісім – бейбітшілік тірегі
- Толығырақ
- Құрылды 15.10.2020 12:45
13 қазаннан бастап А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының оқу залында Рухани келісім күніне орай «Рухани келісім – бейбітшілік тірегі» атты көрмесі жұмыс істейді. 2021 жылы 30 жылдығын атап өтетін Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы 18 қазанда атап өтілетін осы мерекемен тығыз байланысты.
Ұлтаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық моделі - республиканың түрлі конфессиялардың өзара іс-қимылының жалпы әлемдік процесіне қосқан нақты үлесі. Қазақстан - халқының дәстүрлі мәдениеті мен ғасырлық этикалық кодексі болып табылатын рухани мұраттардың іргелі негіздерін қайта жаңғыртуда. Сондықтан, қоғамдағы рухани келісімнің өзегі - тарихи тұрғыдан анықталған ашық менталитет болып табылады. Ол түрлі дін мен этнос өкілдерінің дәстүрлі рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарын төзімділікте, ұқыпты қабылдаудан аңғарылады.
Көрмеден әлемдік, соның ішінде Қазақстандағы діндер тарихы, Шығыс Қазақстан конфессиялары туралы, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдағы дәстүрлі діндердің рөлі туралы әдебиеттерді табуға болады. «Религии мира» - «Мусульманские праздники и святыни», «Жизнь Будды», «Религии Индии», «Православие», «Индуизм» т.б. иллюстрацияланған кітаптар ерекше қызығушылық тудырады.
Бұл материалдарды біздің кітапхана қорынан тауып, пайдалануға болады. Этносаралық және конфессияаралық келісім айтарлықтай қысқа мерзім ішінде саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени салаларда ауқымды өзгерістер жүргізуге мүмкіндік берді. Біздің мемлекетіміздің жаңа тарихы түрлі мәдениет пен діннің бейбіт қатар өмір сүру мүмкіндігінің ғана емес, сонымен бірге олардың қоғамның дамуына оң әсерінің нақты дәлелі болып табылады.
Рухани келісім күнімен, қымбатты отандастар! Сіздерді кітапханамызда күтеміз!
Байланысшы: Абдеева Яна, тел. 261333
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26331670
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы