«Жалынды жастар – жарқын болашақ»
- Толығырақ
- Құрылды 31.10.2020 08:25
3 қараша күні сағат 15.00-де А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен індетті жеңген жерлесіміз, алғашқы плазма доноры, Бобровтың тыныс алу аппаратын жасап шығарған Семей қаласындағы «Электротехникалық» колледжінің директоры Азат Сәрпековпен «Жалынды жастар – жарқын болашақ» тақырыбында Facebook желісінде @Азат Сарпеков парашасында онлайн жүздесу өтті.
Азат Толқынұлы 1989 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Доғалаң ауылында туған. 2006-2009 жылдар аралығында Семей электротехника колледжінде техник-электромеханик мамандығына оқыған.
2013 жылдан бері «Электротехника колледжі» ҚМКМ директоры. Жаңа мамандарды сапалы дайындау үшін колледждің материалдық-техникалық базасын дамытуға, оқыту процесіне компьютерлік технологияларды, модульдік оқыту технологияларын, ілгері педагогикалық және өндірістік тәжірибені енгізуге үлкен көңіл бөледі, болашақ мамандар тұлғасын жан-жақты тәрбиелеуге және дамытуға барлық жағдайды жасайды. 2018 жылы колледж жанынан IT-орталық ашылып, онда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыстың 544 мұғалімі оқыды.
Азат Сарпековтың тікелей қатысуымен Шығыс Қазақстан облысы бойынша 277 IT-класс ашылған, оның басшылығымен колледж 10 ҚР БҒМ базалық колледждері құрамына еніп, электр энергиясы бейініндегі мамандықтардың құзірет орталығын ашуға ҚР БҒМ грантына ие болды.
Азат Толқынұлы бірнеше рет ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ШҚО білім басқармасының, ШҚ облысы және Семей қаласы әкімдігінің, «Холдинг Кәсіпқор» КЕАҚ, Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының, әлеуметтік серіктестердің, Республикалық ғылыми-әдістемелік орталықтың мақтау қағаздарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Елде корнавирустан сауығып шыққан адамдардың қанынан инфекцияға қарсы иммунды плазма жасалуда. Сол арқылы денсаулығы нашарлаған науқастарды қауіпті індеттің ілмегінен құтқарып қалу көзделіп отыр. Азат Сәрпеков - қауіпті вирустан айығып шыққан және қан орталығына барып, иммундық плазма доноры болуға ниет білдірген алғашқы жерлестеріміздің бірі. Иммунды плазма – кез-келген инфекцияға қарсы антиденелері бар қанның сұйық бөлігі. Қан орталығы қызметкерлерінің айтуынша бір адамның бойынан 600-650 мл плазма алынады. Бұл шамамен індет жұқтырған үш науқасты емдеуге жетеді.
Байланысшы: Абылазинова Гүлбаршын, тел.26-13-33 (123)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26338002
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы