Біздің кітапханашылар: Уалханова Рахия Нұралықызы
- Толығырақ
- Құрылды 19.11.2020 17:33
ШҚО мәдениет басқармасының «А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының» библиограф маманы Уалханова Ракия Нуралиновна «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» жоғары белгісімен марапатталды. Ракия Нуралиновнаның жалпы еңбек өтілінің 42 жыл, оның ішінде кітапхана ісінде - 37 жыл, ал А. С. Пушкин атындағы кітапханаға 22 жылын арнаған.
Рахия Нұралықызы - ұжымда абыройлы тәжірибелі, сауатты маман. Корпоративтік каталогтау, анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету, жаңа әдебиеттерді жүйелеу сияқты кәсіби міндеттерді іске асыруға жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарайды. "Шығыс Қазақстанның өлкетануы", "Біздің Абай" толықмәтінді электрондық кітапханаларды, "Шығыс Қазақстан: танымал есімдер"электрондық өлкетану деректер базасын толықтырумен айналысып, жинақталған тәжірибесімен жас қызметкерлер арасында бөліседі.
Сакпанова Жанна Серикжановна, А. С. Пушкин атындағы кітапхана директорының орынбасары:
Рахия Нұралықызы - жастардың сүйікті ісіне адал болуының жарқын мысалы. Барлық жаңалықтарға ашық, заманауи технологиялық процестерді тез меңгереді. Кез-келген процесті орындауда шеберлік танытады: ол күрделі ақпараттық анықтаманы орындау немесе жаппай іс-шараны ұйымдастыру т.б. Ол тек өз саласының маманы ғана емес, сонымен қатар шығармашылық тұлға: өлең жазады, арнаулар жазады.
Уалханова Ракия Нұралықызы:
Кітапхана жұмысы маған өте ұнайды. Тәуелсіз елдің кітапханашысы – алдымен патриот болуы тиіс. Себебі, оқырманға егеменділіктің бағасын сездіруге де, рухын оятуға да кітап керек. Ал, кітапханашы осы дүниелердің насихатшысы. Мен кітапханашы болғаным үшін, осыншама қазына – байлықтың ортасында қызмет жасағаныма мақтанамын. Кітапхана жұмысы сан алуан.
Кітапханашы-білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуы¬на өлшеусіз үлес қосып, өркениетті елге айналуымыздың негізін қалаушы. Эстетикалық талғамы бай, ойы зерек, қиялы жүйрік, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдаған, оқырмандарға білім мен қажетті ақпараттың тиімдісін демдеп беріп отырған, ой-өрісі кең, жан-жақты, білімді, парасатты кітапханашының- орны өзінше бір бөлек.
Мен кітапханада мобильді жастарды көргім келеді. Жастар сегіз қырлы, бір сырлы болуы керек. Қазіргі заман талабы солай. Кітапхана саласы ақпарат және білім орталығы ретінде, ақпаратты беру мен табу, іздестіру жолдарын білуі керек. Жас мамандар бірінші кезекте, жоғары ақпаратты біліммен қаруланған, өз ісінің шебері, әмбебап маман болу керек. Кітапханашының жұмысы жаңалыққа құмарлықтан басталады. Оқырмандар мен тіл табыса білуі керек. Жаңа технологияның барлық түрін меңгеруі қажет. Кітапханашы әдеби кітаптарды көп оқу керек. Тілі дамыған, білімі жан жақты, ұйымдастыру қабілеті жоғары жастарды көргім келеді.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26333865
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы