Нұрдәулет Ақыш «Аласа таулар аясында»: тұсаукесер
- Толығырақ
- Құрылды 14.01.2021 16:31
18 қаңтар 2021 жылы сағат 15.00 де А.С. Пушкин атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен тікелей эфирде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық «Жамбыл» және халықаралық «Алаш» сыйлықтарының лауреаты, жерлес қаламгер Нұрдәулет Ақышпен «Аласа таулар аясында» кітабының тұсаукесері өтті. Тікелей эфир инстаграм @Pushkinlibrary парақшасында өтті.
Нұрдәулет Бәбиханұлы Ақыш 1950 жылы 15 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Маңырақ ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Республикалық «Мектеп», «Жалын», «Балауса» баспаларында, республикалық газет-журнал редакцияларында, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында қызмет атқарған. Бүгінгі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігінің М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында бас ғылыми қызметкер.
Танымал қазақ қаламгері Нұрдәулет Ақыштың «Аласа таулар аясында» атты өмірбаяндық сипаттағы романы қызықты оқиғалар мен тосын эпизоттарға толы. Жас кейіпкердің есею, өсу жолдары, қырдағы ел суреттері түрлі тартыстар арқылы көркем тілмен бейнеленген.
Құрметті қауым! Жиырмаға жуық көркем және ғылыми әдебиет кітаптарының авторы, жазушы, ғалым, филолофия ғылымдарының докторы, Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы» Нұрдәулет Ақыш Бәбиханұлымен өткен тікелей эфирді мына сілтеме арқылы тамашалай аласыздар. https://www.youtube.com/watch?v=AnpiK__X1f0&feature=youtu.be
Байланысшы: Жасубиева Балжан Тулешовна, тел.: 87775425086.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26325293
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы