homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВРақыш Айзат: «Мұз үстіндегі қызғалдақ» онлайн талдау
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Рақыш Айзат: «Мұз үстіндегі қызғалдақ» онлайн талдау

11 ақпан күні сағат 15.00-де  кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жерлес жазушы, сыншы, ұстаз Рақыш Айзат Серікқызының желтоқсан тақырыбына арналған «Мұз үстіндегі қызғалдақ» шығармасына онлайн талдау жасалды. Тікелей эфир фейсбук @Pushkinlibrary/@Айзат Рақыш парақшаларында өтті.

Ракыш 1Тәуелсіздіктен кейінгі ұлт әдебиетінің жаңа бір белеске көтерілгені жас қаламгерлердің шығармашылық көшінен анық аңғарылады. Сол көштегі тың тіркес пен жаңашаAizat сарынымен ерекшеленген жас қаламгердің бірі Айзат Рақыш.
Айзат - Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2006 жылы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың қазақ филологиясы факультетін аяқтап, үлкен шығармашылық ортаны аңсап Алматы қаласына келеді. Сол жылдан бастап тілшілік, жазушылық жолға түседі. Алғашқы әңгімелері республикалық «Мұқағали» журналында, халықаралық «Қазақстан Заманы» газетінде жарық көрген.
2015 жылы «Өлгендер қайтып келеді» тұңғыш прозалық жинағының тұсауы кесілді. 2018 жылы екінші прозалық жинағы, «Мұз үстіндегі қызғалдақ» кітабы жарық көреді. Айзат Рақыш республикалық «Қазақ әдебиет» газетінде ұдайы жарық көретін 100-ден астам мақалалардың авторы.
«Жұлдыз» журналының қызметкері Зубайда Сахиқызы аталмыш шығарма туралы былай дейді: «Мұз үстіндегі қызғалдақ» кітабының авторы Айзат Рақыш оқырманын магниттей тартатын сиқырға ие. Әңгімелер мен хикаяттар жинағының алғысөзін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шерияздан Елеукенов ағамыз жазыпты. Шер-ағаңның асыл сөзін әркімге бір арнай бермейтіні бесенеден белгілі ғой. Ойланып қалдым. Дереу жинақтың мазмұнына көз жүгірттім. Үш хикаят пен төрт әңгімеден тұрады. Тақырыптары өзі-ақ оқырманын шақырып тұрғандай. «Мұз үстіндегі қызғалдақ» әңгімесін сүйсіне оқыдым. Тәуелсіздік ұғымын мұзды жарып шыққан қызғалдақ бейнесінде жүрекке жеткізе білген».
Айзат көтерген тақырыптар мәңгі тірі және әрқашан маңызға ие. Желтоқсан мен Тәуелсіздік ұғымын егіз тұтатын арда оқырман, Айзат Рақышпен болатын тікелей эфирді мына сілтеме https://www.youtube.com/watch?v=jAIRLovm16Q  тамашалап, өз сауалдарыңызға жауап аласыздар деген үміттеміз.

 Байланысшы: Абылгазинова Гульбаршын

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26328753
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102