homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Нәзік жанды – қайсар рухты»
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Нәзік жанды – қайсар рухты»

Ғажайып әйелдер - әдемілік пен әсемдіктен жаратылған ерекше жандар. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі аясында ұйымдастырылған «Нәзік жанды – қайсар рухты» атты кітап көрмесі қазіргі Қазақстанды дәріптеген әйелдер мен Ұлы Дала әйелдеріне арналады.

IMG 0300Кітап көрмесінің мақсаты – қоғамдағы әйел затының ролін көрсету, қадырын түсіндіру. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі әйел деген сөзбен астасып жатады.
Адамзаттың тарихындағы барлық халықтарда сырт жағынан нәзік болып көрінген әйелдерден мықты патшайымдар, атақты ақын әйелдер мен ержүрек батыр әйелдер шыққан еді. Елімізде-де осындай ұлы даланың тарихнамасында аты аңызға айналған есімдер көп болды. Әрине, кейінгі ұрпаққа тамаша үлгі-өнеге көрсеткен барлық батыр әйелдер туралы жазуға қиын болады, сондықтан да үлкен ерлікті танытқан, Ұлы жеңістерге жеткен осындай әйелдер жайлы сыр шертетін еңбектерді айтып бермекпіз.
Көрмені Ұлы дала тарихындағы әйгілі, әрі есімі аңызға айналған әйелдері туралы кітаптар ашады. Олар скиф патшайымы Тұмар, сақ патшасының қызы Зарина патшайым, Сыр-Дария жағалауын билеген Роксонаки.
«Ұлы даланың ұлы қыздары», «Бозоқ аруы», «Даланың дана арулары», жерлесіміз Шәрбану Құмарованың «Сүзгенің соңғы күндері» кітаптарында Ұлы қазақ даласының мақтан тұтар қыздарының бейнесі мен белсенді істері суреттелген.
«Айбике», «Айғаным», «Күнімжан», «Бопай», «Қыз Жібек», «Баян сұлу» т.б. қазақ хандығы кезеңіндегі ерлігімен, даналығымен барша жұртқа өнеге бола білген әйелдер туралы «Қазақ тарихындағы әйелдер» кітабынан табамыз.
Көрменің келесі бөлімінде тағдырдың жазуымен «Халық жауының әйелдері» деген айдар тағылып, еңбекпен түзету лагерлеріне жіберіліп, тұтқындалған Алаш арыстарының әйелдерінің ерлігі жайындағы әдебиеттер көрініс табады. Қазақ әйелдері тағдырлары қыл үстінде тұрса да мойымады, жасымады. Бұл туралы «Алашорда», «Нәзипа Құлжанова шығармалары», Міржақып Дулатовтың қызы Гүлнар Дулатоваға арналған «Алаш қызы Гүлнар», «Менің Анам Фархинур Мұхамедханова» кітаптарында мәліметтер бар.
Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр қыздар – Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова және біздің жерлесіміз ұшқыш Тоты Әмірова. Осындай дана әрі қайратты әйелдер туған елінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп, осы жолда жеке өмірін құрбан етіп, ерлік пен патриотизм символына айналды.
Қазіргі таңда көптеген қыздарымыз еліміздің қоғамдық өміріне кеңінен араласып, белсенділік танытуда. Саясатта жүрген әйелдер де баршылық. Әсіресе, Шығыс Қазақстандағы 50-ден астам әйгілі, табысты, өзін-өзі қамтамасыз ететін, беделді және белсенді әйелдерді сипаттайтын Шығыс Қазақстан және Өскемен іскер әйелдер қауымдастығы шығарған «Жемчужное ожерелье» және «Қазақстанның қанатты әйелдері», Виктор Аксеновтың «Женщины» кітаптарын ерекше атап өтеміз.
Әрбір әйел - актриса. Бірақ, өнер өмірлік серігіне арналған әйелдер бар. Көрмеміздің келесі бөлімі ән, би, күй, кино, сурет өнеріндегі нәзік жандардың шеберліктері туралы әңгімелейді. Атап айтсақ, қазақ биінің алғашқы жұлдыздарының бірі Шара Жиенқұлова, қазақтың опера әншісі Күләш Байсейітова, атақты күйші Дина Нұрпейісова, аты аңызға айналған Роза Бағланова, «керемет бұлбұл» Бибігүл Төлегенова, әйел суретші Гульфайрус Исмаилова, кино майталмандары Сәбира Майқанова, Әмина Өмірзақова, эстрада жұлдызы Роза Рымбаева, теңдессіз Нұржамал Үсенбаева және басқалары .
Көрме қазақ қоғамында өмірін әдебиетке, білім беруге арнаған ақын-жазушы, ұстаз әйелдерге арналған бөліммен аяқталады. Мәселен, поэзия шолпаны Фариза Оңғарсынова, поэзия аққуы Марфуға Айтқожина, Жанат Әскербекқызы,Біздің жерлестеріміз Бақытжан Райсова, Бибігүл Қабиқызы, ұстаздықтың падишасы Қанипа Бітібаева сынды танымал есімдерді атасақ болады.
Әйелдер тәуелсіз еліміздегі бейбіт, тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы.
Сіздерді көрмеде күтеміз!

 

Байланысшы: Маулипа Ошанқызы

Байланыс тел.: 26-13-33

 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26324522
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102