Адам. Жер. Ғарыш
- Толығырақ
- Құрылды 12.04.2021 14:34
Биыл адам баласының ғарышқа саяхат жасағанына 60 жыл, қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтың ғарышты бағындырғанына 30 жыл толып отыр.
Осы айтулы күнге орай А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы «Адам. Жер. Ғарыш» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның Байқоңыр айлағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа аттанды. Сөйтіп, Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал Байқоңыр – ғарыш аймағына айналды. Алғашқы ғарыш сапарынан кейінгі жылдары 500-ден аса ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізді.
Кітап көрмесін ғарыштың негізін салушы орыстың ұлы ғалымдары К.Э.Циолковский және С. П. Королевтың ракеталық техника мен аспан әлеміне саяхаттар теориясына арналған ғылыми еңбектері, космос кеңістігін зерттеу және оны игеру жолдарына арналған әдебиеттер ашады. Сонымен бірге, космос әлеміне алғаш рет жол салған №1 космонавт Юрий Гагарин және басқа да халықаралық экипаждар туралы В.Артемовтың "Юрий Гагарин - человек-легенда", В. Губаревтың "Тайны Гагарина", В. Хайрюзованың "Юрий Гагарин. Колумб Вселенной" және А. Т. Гагаринаның ұлы туралы «Память сердца» естеліктері сынды көптеген қызықты материалдар қойылды. В. А. Гагариннің «Мой брат Юрий» деректі әңгімесінде Юрий Алексеевичтің үлкен ағасы ғарыштың болашақ пионерінің мінезі қалай қалыптасқаны туралы айтады.
Көрменің келесі бөлімінде ғарыш дәуірінің алғашқы ашушылары, ғарышқа алғаш келген әйел – Валентин Терешкова, оның батыл ізбасарлары - Светлана Савицкая, Елена Кондакова және Елена Серова туралы білуге болады.
Қазақстанда космос кеңістігін зерттеу туралы жазылған ғылыми еңбектер, еліміздің ғарышкер-ұшқыштары, ғарыш саласының қазіргі жағдайы, Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері, Кеңес Одағының Батырлары, Халық Қаһармандары Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Қазақстан Халық Батыры, әлемнің 545-ші ғарышкері Айдын Айымбетовтердің өмірі, қызметтері және космос кеңістігін бағындырудағы жасаған ерліктері туралы да материалдармен таныса аласыздар.
Байқоңырда көп жыл еңбек еткен белгілі қазақстандық журналист Сара Қабиқызының «Открытый космос Талгата Мусабаева» кітабында Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы» және Ресей Федерациясының Батыры Талғат Мұсабаевтың жердегі және ғарышқа жасаған саяхаты жайындағы деректі әңгімелер, Қазақстан Республикасының ғарыш саласындағы күрделі, бірақ табысты жұмыс хроникасы жинақталған.
Бүгінгі таңда ғарыш саласы Қазақстанда қарқынды түрде дамып, жас ғалымдар өзге кеңестікті зерттеуге арналған түрлі жобаларын таныстыруда.
Ғарыш әлеміне саяхат жасап, ғарыш дәуірінің басталған кезі жайындағы білімін толықтырғысы келетін оқырмандардың барлығын көрмеде күтеміз.
Байланысшы: Ошан Маулипа 26-13-33
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26058534
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы