Балдәурен балалық шақ!
- Толығырақ
- Құрылды 27.05.2021 12:32
1 маусым сағат 10.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасы Балаларды қорғау күніне орай өзінің кішкентай оқырмандарына «Балдәурен балалық шақ!» атты мерекелік бағдарлама өткізді.
Мереке бағдарламасында - балалар әндері, ойын – сауық және танымдық ойындар, шығармашылық шеберханалар, ғылыми тәжірибелер, «Кітаппен жарқын әлемге»: интерактивті кітап көрмесі ұйымдастырылды. . Сондай-ақ, кішкентай оқырмандар «Сиқырлы қылқалам»: жас суретшілер станциясы ;«Шебер қолдар»: қолөнер станциясы;«Ойталқы»: зияткерлік ойындар станциясы );
- «Болашақ чемпиондар лигасы»: үстел үсті ойындары станциясы (шахмат, тоғыз құмалақ турнирі); «Ойнайық та, ойлайық!»: қозғалмалы ойындар станциясы; «Көңіл-күйді қалай көтеруге болады?»: психологиялық ойындар станциясы сияқтытүрлі танымдық «аялдамаларда» қонақта болды.
- Әрине, сонымен қатар көптеген қызықты балалар кітаптары да болады. Кітапсыз жазды өткізу мүмкін бе? «Балалар классикасының алтын кітапханасы», түрлі тілдердегі халық ертегілерінің керемет басылымдары, балалар энциклопедиялары, барлық бүлдіршін жақсы көретін «Айгөлек», «GEOленок», «Балалар әлемі», «Балдырған», «Девчонки и мальчишки»… журналдары.
Кітапханаға алғаш рет келген кез-келген қонағымыз біздің қызметтеріміздің тұрақты пайдаланушысы болып, қалаған кітабын 10 күндік мерзімге үйге алып оқи алады. Кітап таңдауы үлкен!
Сондай-ақ, біз мектеп оқушыларының жазғы демалыс кезінде кітапханада бос уақыттарын пайдалы өткізіп, үздік оқырмандарға арналған жыл сайынғы «Кітап оқу көшбасшысы» мен «Мен және менің отбасым оқиды» конкурстарына қатыса алатынын еске саламыз.
Байланысшы: Құдайбергенова Нұргүл
Байланыс тел.: 87055412525
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26052763
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы