homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Тұрғысын ауылының жылнамасы» тікелей эфир
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Тұрғысын ауылының жылнамасы» тікелей эфир

Әр адамның өзінің Отаны бар, мейлі ол ауыл, қала немесе аудан... Ол – кіндік қаның тамып, туып-өскен мекенің! Туған өлке – әр адамға қымбат әрі оған деген махаббат ешқашан сөнбейді. Алайда әр адам өзінің туған жерінің тарихын біле ме? Оның өткені, бүгінімен қаншалықты таныс?
А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана 2021 жылдың қаңтар айынан бастап Шығыс Қазақстандағы «Ауыл тарихы» атты жаңа жобасын бастады. Аталған жоба аясында бүгінде 15-тен астам ауыл тарихы жиналды http://kray.pushkinlibrary.kz/ru/hist-chronika/istoriya-vko/istoriya-sjol-vko.html.

Осы жоба аясында кітапхана тарихшылар, жазушылар, журналистер, өлкетанушылар, зерттеушілермен және елді мекендер тарихымен таныстыратын басқа да қызықты адамдармен онлайн-кездесулер циклін өткізеді.

«Тұрғысын ауылының жылнамасы» атты алғашқы кездесу 2021 жылдың 11 маусымында Zoom – платформасында өтті. Кездесудің құрметті қонағы Тұрғысын орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі – Қанат Құмарбекұлы Исабаев. Сіздерді Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданының ең әдемі де көне елді мекендерінің бірі – Тұрғысын ауылының тарихы жайлы қызықты әңгіме өрбіді. Биылғы жылы ауыл өзінің 240 жылдығын атап өтеді.
Қазақстанның алғашқы СЭС-і қайда және қашан салынды, «Шығыс айналымы» жолының құрылысы, «Алтын Тұрғысын» халықаралық музыкалық фестивалі туралы тарихшы Исабаев Қанат Құмарбекұлы әңгімелеп берді.
Туған жерге деген махаббат тақырыбы әрдайым өзекті болмақ. Біз балдәурен балалық шақ пен жарқын болашақ сыйлаған кішкентай Отанымызға әрқашан қарыздармыз. 

Турсунбекова Махаббат Жолдасовна
Тел.: 26-13-33

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26334105
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102