Кітапханадағы кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 21.06.2021 18:28
Бүгін, 21 маусымда біздің кітапханада танымал жерлесіміз, Күршім ауданының тумасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдан Қатайқызы Момынова, жолдасы - тілші-ғалым, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Арыс» қорының президенті, Алаш зиялыларының тағдыры туралы деректерді жинастырып, бірнеше кітаптар кұрастырған, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ғарифолла Әнес қонақта болды.
Соңғы жылдары профессор Бағдан Момынова латыннегізді қазақ әліпбиіне көшуге байланысты жұмыстарға белсене қатысып жүр. Ол орфографиялық, әдістемелік комиссияның, жұмыс топтарының мүшесі және латыннегізді жаңа әліпбиге көшуге байланысты негізгі емле ережелерін, проспектісін құрастырушылардың қатарында еңбек етуде. Кездесу барысында Бағдан Қатайқызы осы және басқада тақырыптарда оқырмандармен ой бөлісіп, сауалдарға жауап берсе, Ғарифолла ағамыз саяси қуғын-сүргін құрбандары, Алаш қайраткерлерінің мұрасын зерттеудегі "Арыс" қоғамдық қорының жүргізіп жатқан жұмыстарына тоқталды.
Шагиева Бибигуль Жамбыловна, А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының директоры, қонақтармен басқосуды жүргізіп, кітапхана жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырып, экскурсия жүргізді.
Байланысшы: Ашкенова Жансая, тел.261 333,ішкі.119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26058534
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы