Этносаяси сауаттылық негіздері»: семинар-тренинг
- Толығырақ
- Құрылды 22.10.2021 10:17
2021 жылы 21-22 қазанда А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасында «Этносаяси сауаттылық негіздері» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Ұйымдастырушы: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі және Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты.
Іс-шараға ішкі саясат, Достық үйлері, Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының жастар ресурстық орталықтарының өкілдері және этносаралық қатынастар саласындағы қызметті жүзеге асыратын басқа да мүдделі мекемелер қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты этносаяси сауаттылықты арттыру, этносаралық қатынастар саласының ерекшеліктерін және оқиғаларды қате интерпретациялау болып табылады.
ШҚО Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ирина Смит, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев құттықтау сөз сөйледі.
Семинар-тренингтің бірінші күні барысында қатысушылар жанжалдардың фазалары мен түрлерін талқылады, этномедиация мәселелерін қарастырды, интеркультурализмнің негіздерімен, қағидаттарымен және әлеуметтік-тұрмыстық аспектілерімен, жария риторика дағдыларымен танысты, сондай-ақ практикалық жұмыс шеңберінде этносаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелерді шешудің тиімді шараларын қарастырды. Іс-шараның екінші күні спикерлер ақпараттық, медиа сауаттылықты арттыру және ақпараттық кеңістіктегі этносаралық қатынастар туралы, сондай-ақ этностық топтар арасындағы өзара қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері, дұшпандық тілі, жанжалдың декларативті кезеңінде нормативтік емес этнонимдерді пайдалану туралы түсіндірілді.
Семинар-тренингке қатысушылар қызығушылық танытып, пікірталастарға белсенді қатысты, сонымен бірге пікірлерімен және тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.
Байланыс тел.: 26-13-33(119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26326143
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы