Ф.М. Достоевскийдің 200 жылдығына арналған Халықаралық конференция
- Толығырақ
- Құрылды 24.11.2021 15:41
Бүгін 24 қараша күні кітапхананың ұйымдастыруымен ZOOM платформасында Федор Михайлович Достоевскийдің 200 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті.
Онлайн конференцияны Ресей Федерациясының Өскемен қаласындағы бас консулдығының атташесі Дегтярев Святослав Игоревич ашып, қатысушылар мен қонақтарды жазушының мерейтойымен құттықтап, Достоевский шығармашылығының әлем әдебиеті үшін зор маңызын атап өтті.
Онлайн конференцияға Семей қаласындағы Ф. М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайы, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Новгород мемлекеттік Біріккен мұражай-қорығы "Старая Руссадағы Ф.М.. Достоевский мұражайы"( Ресей), М.И. Рудомино атындағы бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиеті кітапханасы (Мәскеу, Ресей) , Ресей халықтар достығы университеті (РУДН, Мәскеу қ.),-Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, сондай-ақ әдебиетшілер, өлкетанушылар, педагогтар, журналистер, Шығыс Қазақстанның мұражай, мұрағат және кітапхана ісінің мамандары, оқырмандар қатысты.
Конференция барысында оқырмандарға «Ф.М Достоевский в творчестве М.О. Ауэзова», «Творчество Ф.М. Достоевского в мировом литературном процессе: идеи, образы, интерпретации», «Ф.М. Достоевский. Семипалатинский период» т.с.с тақырыптарда баяндамалар ұсынылып, кездесу Старая Руссадағы Ф.М.. Достоевский мұражайына бейнешолумен аяқталды.
Байланыс тел.: 26-13-33 (119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26334631
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы