«Қылқаламдағы көктем лебі...» сурет көрмесі
- Толығырақ
- Құрылды 16.03.2022 10:36
18 наурыз күні сағат 11.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстандағы "Балалар жылы" аясында «Қылқаламдағы көктем лебі...» атты сурет көрмесі өтеді.
Көктем мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған көрмеде суретші, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Нұрсадықов Құдаш Дәулетханұлы жетекшілік ететін балаларға арналған «Сурет» бейнелеу өнері студиясына қатысушылардың еңбектері көпшілік назарына ұсынылады.
«Сурет» бейнелеу өнері студиясы 2008 жылы ашылып 2015 жылға дейін коммерциялық негізде жұмыс жасаған. Осы уақыт аралығында Құдаш Дәулетханұлы қаншама шәкірт дайындап, олардың алды жоғары оқу орындарының көркемсурет бөлімдерін тәмамдап, өнер жолында қызмет атқаруда. 2021 жылы Қ. Дәулетханұлы мемлекеттік «Бала» бағдарламасы аясында «Сурет» студиясын қайта жаңғыртуға мүмкіндік алып, қазіргі таңда жас таланттар «Кескіндеме және бейнелеу өнері», «Қағаз моделдеу» бағыттары бойынша ақысыз дағдыларын жетілдіруде. Студияда балаларға алдымен бейнелеу өнерінің заңдылықтарын, әдістерін үйретіп, содан кейін ғана шығармашылық бағытта тақырыптық жұмыстар жасауға жетелей бастайды.
Алғаш көпшілік назарына ұсынылып отырған жас суретшілердің туындылары – жылдың ең әсем маусымы мен Ұлыстың Ұлы күні, көктемнің шуақты мерекесі – әз Наурыз мейрамына арналады. Гуашь және майлы бояумен орындалған әдемі шығармалар көрерменге көктемдей шуақты көңіл-күй сыйлары сөзсіз.
Талантты жас суретшілер көрмесі мамыр айының соңына дейін ел назарына ұсынылатын болады.
Байланысшы: Кемешева Меруерт
Тел.: 26 13 33
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26049942
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы