«Киелі Алтай»: Катонқарағайдың әсем табиғаты туралы фотокөрме
- Толығырақ
- Құрылды 21.04.2022 17:19
21 сәуір күні А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Киелі Алтай» фотокөрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмеде ұсынылған авторлық фотосуреттер – Катонқарағай ауданының ерекше орындарына жасалған «Киелі Алтай» ауқымды экспедициясының нәтижесі.
«Киелі Алтай» фото-туры 2019 жылы «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «Shygys Aqparat» медиахолдингі мен Берел мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайымен ұйымдастырылды. Экспедицияға жас фотографтармен бірге Маңғыстау облысы, Орал, Алматы, Нұр-Сұлтан және басқа да өңірлердің тәжірибелі кәсіпқой фотографтары да қатысты. Олардың қатарында – «Фотоөнер» ҚҚ президенті Асылхан Әбдірайым, ардагер-фотограф Нұрманбет Қизатұлы, National Geographic шеф-фотографы Ерболат Шадрахов, «Shygys Aqparat» медиахолдингінің фотокорреспонденті Тілеубек Шаяхмет. Фотокөрмені экспедиция мүшесі, суретші, фотограф, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша тілшісі Мерей Қайнарұлы ашты.
Фотокөрме өлкеміздің бірегей табиғи пейзажының қайталанбас ландшафттарынан ләззат алуды, киелі жерлердің сұлулығы мен ұлылығын ұлықтап, рухын сезінуге мүмкіндік береді. Фотографтар төр Алтайды, оның ішінде тылсымға толы мекен Берелді, көркемдігін айтып жеткізуге сөз жетпейтін Қаракөл, «Австриялық жол» сынды өлкеміздегі тарихи жерлерді аралап, тұнып тұрған тұмса табиғатты тамаша суреттерімен берген.
Фотожұмыстардың бірегей галереясын кітапхананың Өлкетану топтамасындағы кітап көрмесі толықтырады, олар: қазақстандық археолог-ғалымдар Зейнолла Самашев, Әбдеш Төлеубаев, Алдар Горбуновтың монографиялары, көркем фотоальбомдар, суретті жолсілтемелер және т.б. ұсынылған басылымдар Шығыс Қазақстанның табиғаты мен байлығының алуан түрлі құпиялары мен жұмбаққа толы сырын түсінуге көмектеседі.
Фотоэкспозиция кітапханада мамыр айының соңына дейін жұмыс істеп, біздің бірегей де қайталанбас өңіріміздің туристік әлеуетін танымал ету және дамыту ісінде тамаша демеу болатынына сенімдіміз.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26057625
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы