«Бірлік, Достық, Татулық және Кітап»: мерекені Пушкин кітапханасымен бірге тойлаймыз
- Толығырақ
- Құрылды 29.04.2022 17:27
Ең жарқын да мейірімді мейрамның бірі – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі жақындап қалды. Көптен күткен көктем күнінде өскемендіктер мен қала қонақтары қайда барар екен? Әрине, сүйікті демалыс орнына айналған – этнопарк – сол жағалаудағы мұражай-қорық кешеніне барады.1 мамырда этнопаркке келушілерді саябақтың орталық алаңында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы интерактивті әдеби-танымдық бағдарламасымен қарсы алады.
Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» атты әдеби көрме-эсседен этнография, фольклор, ұлттық тағамдар туралы әдебиеттер мен қазақстандық авторлардың шығармаларын тауып қана қоймай, әр этностың ұлттық киімінен сыр шертетін «Ұлттық киім – халық қазынасы» атты этнодефиледен түрлі ұлттардың тарихы, салт-дәстүріне арналған кітаптармен танысуға болады.
Сондай-ақ бағдарламада «Мақал-мәтелді жалғастыр!», ««Жаңылтпаштар сайысы»», «Абай мен Пушкин білгірлері», «Кітап лотереясы», «Қоржын сұрақтары», «Кітап оқып, қойылым қоямыз», «Кітап оқып, мультфильм жасаймыз» интерактиві, сондай-ақ, әдемі ашық хаттар жасау шеберлік-сағаттары бар.
Құрметті достар! Сіздерді 1 мамыр күні Пушкин кітапханасымен бірлік, татулық және достық мерекесін бірге атап өтуге шақырамыз!
Байланысшы: Арайлым Иманжанова
+77022906853
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26330983
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы