«Алақай, қуанды балақай!» балалар мерекесі
- Толығырақ
- Құрылды 01.06.2022 14:41
1 маусым күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасы Балаларды қорғау күніне орай өзінің кішкентай оқырмандарына «Алақай, қуанды балақай!»: атты мерекелік бағдарлама өткізді.
Мерекеде«Шығыс Балдырған балабақшасы» өздерінің концерттік номерлерін қойып, сүйікті мультфильмдеріміздегі балалар әндерін орындады. Қонақтарымыз «Көңілді рифмдер», «Кішкентай жұлдыздар», «Ойталқы», «Өзің жасап ал», «Көңіл-күйді қалай көтеруге болады?», «Ойнайық та, ойлайық!», «Сиқырлы қылқалам» станцияларында болып, ойын – сауық және танымдық ойындар мен шығармашылық шеберханаларға қатысып, «Балалар – кітап әлемінде» интерактивті кітап көрмесімен танысты.
Әрине, сонымен қатар көптеген қызықты балалар кітаптары да болды. Кітапсыз жазды өткізу мүмкін бе? «Балалар классикасының алтын кітапханасы», түрлі тілдердегі халық ертегілерінің керемет басылымдары, балалар энциклопедиялары, барлық бүлдіршін жақсы көретін «Айгөлек», «GEOленок», «Балалар әлемі», «Балдырған», «Девчонки и мальчишки»… журналдары.
Құдайбергенова Нұргүл, Білім орталығының жетекшісі:
Сондай-ақ, біз мектеп оқушыларының жазғы демалыс кезінде кітапханамызда бос уақыттарын тиімді өткізіп, үздік оқырмандарға арналған жыл сайынғы «Кітап оқу көшбасшысы» мен «Отбасыммен бірге оқимын» және жас дарындарды анықтау мақсатында «Менің ертегі әлемім» конкурстарына қатыса алатынын еске саламыз.
| |
|||||
|
|
|
Байланыс тел.: 261 333, ішкі 119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26054582
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы