Кітапханашылар марапатталды
- Толығырақ
- Құрылды 28.06.2022 12:56
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы Шығыс Қазақстан кітапханалық қоғамдастығының өміріндегі тамаша оқиғамен – әріптестерімізді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен және Қазақстан Кітапхана Одағының "Қазақстанның құрметті кітапханашысы" төсбелгісімен 30-ға жуық мамандар марапатталды.
Еліміздің кітапхана ісін дамытуға қосқан ерекше үлесі, сондай – ақ көпжылдық шығармашылық еңбегі үшін: - А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының кітапханашылары: Сакпанова Жанна Серикжановна, директордың орынбасары – "Мәдениет саласының үздігі"; "Қазақстанның құрметті кітапханашысы" төсбелгісімен директордың орынбасары Емельбаева Меруерт Бауыржановна; кітапханалық маркетинг және статистика орталығының жетекшісі Ашкенова Жансая Сағидоллақызы; Халықаралық ресурстық орталығының жетекшісі.Шингалиева Сәуле Тұрсынғалиқызы; Бесқарағай аудандық кітапханасы директоры Алпыспаева Жанат Жұманбаевна, Үржар аудандық кітапханасы директоры Базарбаева Райгуль Жукеновна, кітапханашы Кожагулова Гульсумхан Алейевна, Мақаншы ауылдық кітапхана мамандары Казембекова Кайнижамал Какуовна, Амренова Бибигуль Айткурмановна және Глубокое,Жарма,Ұлан аудандарының мамандары.
Марапаттарды табыстап, ықыласын білдірген А.С.Пушкин атындағы кітапхана директоры Б.Ж.Шагиева кітапханашылар алдағы уақытта да білімі мен білігін, мол тәжірибесін кітап¬хана саласын дамытуға жұмсай беретініне сенім білдірді.
Өз кезегінде сөз алған кітапханашылар адал еңбектерін елеп, марапат ұсынған басшы¬лыққа алғыстарын білдірді.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтай отырып, зор денсаулық, жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыстар тілейміз!
Байланыс тел.: 26-13-33
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26323278
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы