"Жазылушылар күні"
- Толығырақ
- Құрылды 19.05.2015 10:02
20 мамыр күні сағат 10.00-де кітапханада «Казпочта»АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының «Жазылушылар күні» акциясының ашылу салтанаты өтеді.
Қаламыздағы пошта байланыс бөлімдерінің, жазба баспасөз ақпарат құралдарының өкілдері өз оқырмандары, жазылушылармен кездесіп, алға қойған жоспарларымен бөлісіп, өнімдерін ұсынады. Осы күні баспасөзге жазылған жерлестерімізді бірқатар жергілікті басылымдарға жазылуға жеңілдіктер, сондай-ақ сыйлықтар күтуде.
«Казпочта» АҚ акция аясында 20-23 мамыр күндері барлық пошта бөлімшелерінде облыс тұрғындарын екінші жарты жылдықққа газет-журналдарға жеңілдікпен жазылуға шақырады.
Электронды ақпарат құралдары арқылы ақпарат алу мүмкіндігі күннен-күнге артып отырса да,газет-журналдар яғни, баспа құралдары біздің өмірімізде маңызын жоймақ емес.
Көптеген баспа БАҚ, соның ішінде біздің облыстық, қалалық газет-журналдар өз аудиториясын жоғалтып алмауға тырысуда жақсы нәтижелерге қол жеткізгенін атап өткен жөн. Олардың онлайн-нұсқалары бар, халық назарына барынша сапалы және аналитикалық материал ұсынады.
20 мамыр - Акция күні Пушкин кітапханасында сағат 10.00-17.00ге дейін «Казпочта» мамандары тілек білдірушілерді газет-журналға жеңілдікпен жазып, пошта жеткізілімі, жазылу шарттары бойынша барлық сауалдарға жауап береді.
Байланысшы: РахимбаеваБахтылы, тел, 261333, ішкі. 119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26329880
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы