«Қыраным көкте қалықтаған»
- Толығырақ
- Құрылды 07.10.2015 11:02
8 қазанда А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада қазақ хандығының 550 жылдығына арналған бағдарлама аясында талантты жас суретші Есбол Нұрсадықовтың «Қыраным көкте қалықтаған» атты сурет көрмесінің вернисажы өтті.
Вернисажға Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің архитектура факультетінің студенттері, «Квансон» және Қ. Нұрғалиев атындағы колледж студенттері, қала мектептерінің оқушылары келді.
Жас талантты алғашқы вернисажымен құттықтап, баталарын беруге Қазақстан Республикасы суретшілер Одағының мүшесі Н.П. Аштема, Е.С.Турғанбаев сондай-ақ, ҚР театр қайраткерлері Одағының мүшесі К.Р. Қадырбеков, облыстық өнер мұражайының маманы Л.И. Мартынова, қалалық жастар орталығының директоры Р.Р. Ахметжанов келді.
Вернисажға келген қонақтар жас суретшіге деген ізгі тілектері мен лебіздерін арнайы жазып қалдырды.
Есбол 1990 жылы 28 мамырда Катон-Қарағай ауданы, Үштөбе ауылында дүниеге келген. Өскемен қаласындағы О. Бөкей атындағы №44 орта мектепті аяқтаған соң, Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы өнер академиясы колледжінде білім алды. 2012 ж. Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің сәулет-құрылыс факультетін аяқтады. Қазір Ш.Құдайбердіұлы атындағы Семей мемлекеттік университетінің бейнелеу өнері факультетінің студенті әрі «Сияющий ангел» халықаралық жобасының қатысушысы.
2010-2014 жылдары Ақбауыр, Абай ауданындағы шығысқазақстандық суретшілер пленеріне, ал 2015 жылы Тайынтыда өткен халықаралық суретшілер пленеріне қатысқан.
Есбол «Менің Казақстаным» және Абайдың 170 жылдығына арналған облыстық конкурс-көрменің қатысушысы.
Оның картиналары «Арт-Пенза» әлемдік заманауи өнер галлереясы ұйымдастырған «Сияющий ангел» Халықаралық сурет конкурсына қабылданды. Конкурс тақырыбы – Бақытты өмір/ Счастье жить. Байқаудың тақырыбы – «Бақытты өмір»(Счастье жить) деп аталады. Байқау жеңімпаздары интернетте электронды дауыс беру арқылы анықталады. Есболға сәттілік тілей отырып, бәріміз қолдау көрсетіп дауыс берейік.
Контакты: тел.: 261-333, вн. 119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26057625
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы