Президенттік оқулар «Елбасымен сырласу»
- Толығырақ
- Құрылды 22.11.2015 13:13
26 қараша күні кітапханада президентіміз Н.Ә. Назарбаев пен жастардың сұхбаты өтті. Президентпен сұхбат оның кітаптары арқылы өрбіді. Бұл формат президент қаламынан туындаған кітаптарға жастардың назарын аудару, тек оқып қана қоймай, Елбасының елімізді дамытуға бағытталған саясатын түсініп, ұғыну мақсатында таңдап алынды.
Сұхбатқа № 38 және № 29 мектеп оқушылары Гофман Анна мен Ярмухаметова Ирина, Назарбаев зияткерлік мектебі, қазақ-түрік лицейінен Омаров Алишер, Социалов Данияр, Хасенов Мади және Мастикбаев Тимур, сондай-ақ, студенттер Костенко Алла, Тынысбаева Қасиет, Абдихадирова Айгерим, 5518 әскер бөлімінен взвод командирі Мухтаров Медет, жастар орталығынан Карапетян Армен және Сайлаубек Дана қатысты.
Президенттік оқуларда елбасының «Без левых и правых», «Когда мысль материальна», «Таңдамалы сөздер» кітаптарынан оқылды.
Президенттік оқуларға келген жастар «Бұл біздің Президент» атты кітап көрмесімен танысты. Көрмеде президентіміздің көреген саясаткер, тәжірибелі стратег әрі бітімгер ретіндегі образын қалыптастыратын Елбасының қаламынан туындаған барлық кітаптар мен оның жеке құжаттарының көшірмелері ұсынылды.
Келген қонақтар елбасының облысымызға жасаған ресми сапарларынан сыр шертетін «Ел президенті Шығыс Қазақстанда» фотокөрмесін тамашалады.
|
|
||||
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26055223
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы