Блогерлермен кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 18.01.2016 02:48
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізіліп жатқан іс-шаралар аясында кітапхананың жастар-интеллект орталығы мен қалалық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен жастар әлеуметтік желілерде танымал жергілікті блогерлер Ринат Халиков пен Антон Бузиковпен кездесті. Виртуалды тілдесуде сұхбат шынайы болуы керек - әңгіме осы тақырып төңірегінде өрбіді.
Адамдар үшін оқиға туралы сенің жеке пікірің, алған әсерің өте маңызды әрі қызық. Әлеуметтік желі дегеннің не екенін дұрыс түсіне білмейтін жастар үшін бұл өте емін-еркін ашық әңгіме болды.
Кәсіпкер Ринат Халиков осыдан үш жыл бұрын алғашқы республикалық «Осуществим мечту вместе!» IT-жобалар, сайысында жеңіске жетіп «Қазахтелеком» АҚ инфрақұрылымында өзінің «Социальная сеть «Гыр-гыр» жобасын жүзеге асырды.
«Жас журналист-2015» облыс әкімі номинациясы сыйлығының лауреаты - Антон Бузиков. Антон - шетелдік шоу-бизнес жұлдыздарының ресми әрі эксклюзивті концерттік менеджері, www.karloff-media.kz жаңалықтар порталының өкілі, pr-жоспарлаушы, әлеуметтік имиджмейкер, копирайтер, джетсеттер, event-ұйымдастырушы сондай-ақ, "Кто есть кто в Казахстане" баспа үйінің фотографы.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26334866
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы