Қазақ-түрік лицейі қонақта
- Толығырақ
- Құрылды 26.01.2016 18:59
26 қаңтар күні кітапханаға қазақ-түрік лицейінің оқушылары келді. Оқушылар кітапхана орталықтарымен танысты. Қонақтар бұл жолы "Еркін елдің кемел тұлғалары" әдебиеттер көрмесімен танысуға арнайы келген еді. Кітапхана мамандары Зиза Слямова, Жансая Ашкенова, Меруерт Емельбаева және Нурсауле Жақып қонақтарды көрмемен таныстырды.
Қазақстанның тарихи тұлғалары туралы көрмеде ұсынылған ақпараттар, кітапхана ресурстары лицей оқушылары мен тарих пәнінің мұғалімі тарапынан қызығушылық туғызды. Қазақ-түрік лицейінің әкімшілігіне және ұстаздарына алғысымыз шексіз.Уақыттарыңызды бөліп, оқушыларды кітапханаға жіберіп отырғандарыңызға рахмет. Кітап көрмесі жастарға ел тарихы туралы білімдерін жүйелеп, мемлекет тарихына қосар үлесін байыптап ойлануына және өзінің өмірлік жолын таңдауына көмек береді деп сенеміз.