Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығына арналады
- Толығырақ
- Құрылды 10.02.2016 19:06
10 ақпан күні, сағат 15.00-де кітапханада ұлтымыздың мақтанышы, ғалым, абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығына орай библиографиялық көрсеткіштің тұсаукесері өтті. Қайым Мұхамедханов есімі қазақстандықтар үшін кеңінен танымал. Қайым ағамыз жазған өлең жолдарына Мұқан Төлебаев ән жазып, 50 жылға жуық уақыт бойы Қазақ ССР-і Мемлекеттік әнұраны болып шырқалды.
Осы бір деректің өзі Қайым Мұхамедханов есімінің ел тарихы жылнамасында сақталып қалуына жеткілікті. Алайда Қайым Мұхамедханов әдеби ерлік жасап, ғылыми-зерттеу ізденістерімен абайтану ғылымының негізін қалады. Семей қаласында ашылған Абай мұражайының алғашқы директоры болып тағайындалды. Бүгінде ақын, жазушы, драматург, ғалымның мұрасы мыңнан аса құжат деп есептеледі. Тарихи шындық, мәдениет пен ғылым саласындағы ашылған құндылықтар жолында ғалым жеке басының еркіндігін, отбасының амандығын құрбан етті. Ол кісі НКВД түрмелерінде қиыншылыққа, өмірдің соққысына ұшыраса да өз жақтастарына қарсы бірде-бір құжатқа қол қоймады. Танымал қазақ жазушысы әрі аудармашы Герольд Бельгердің айтуынша Қайым Мұхамедхановтың өмірі кітап жазып, фильм түсіруге лайықты. Электронды библиографиялық көрсеткіште Қ.Мұхамедхановтың кітаптары мен басылымдары сондай-ақ, өмір жолы мен шығармашылығы туралы мәліметтер, барлығы 1200-ден аса атаулар берілген. Тұсаукесер барысында ғалымның өмірі мен шығармашылығы туралы Қ. Мұхамедхановтың қызы - Қ. Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет қоғамдық қорының директоры Дина Мұхамедхан, танымал жазушы Тұрсын Жұртбай, Уфа қаласынан әдебиеттанушы Роза Буканованың бейнежазбалары ұсынылып, журналист Уәлихан Тоқпатаев естеліктерімен бөлісті. Белгілі журналист, облыстық «Дидар» газетінің редакторы У. Тоқпатаев, Қ.Мұхамедхан туралы бірнеше мақалалардың авторы. Журналист өзінің ғалыммен кездесіп, қалай сұхбат алғанын әңгімелеп берді. Ғалымның қайсарлығы, отансүйгіштігі, Абай іліміне деген сенімінің беріктігі туралы әңгімелесін жұртшылық қызығы тыңдады. Тұсаукесерге оқытушылар, студенттер, мәдениет қызметкерлері, әдебиет пәнінің мұғалімдері мен кітапханашылар келді.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26330089
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы