"Сүйікті Отаныма арнаймын" сайысы өз мәресіне жетті
- Толығырақ
- Құрылды 29.04.2016 19:05
29 сәуірде еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығына және қазақстан-американ екі жақты қарым-қатынастарының 25 жылдығына орай кітапханада «Сүйікті Отаныма арнаймын», поэзия мерекесі, көркемсөз оқу сайысы өтті. Сайысты AES энергетикалық компаниясының демеушілік көрсетуімен Америка мәдени орталығы ұйымдастырды. Қазылар алқасының құрамында АҚШ профессоры Стюарт Чen, ағылшын мұғалімі Наталья Волосникова және библиограф- өлкетанушы Зиза Слямова болды.
Көптілділік - еліміздегі әр түрлі ұлт өкілдерінің өзара түсіністік пен ынтымақтастығы үшін «Әлем азаматын » қалыптастыру негізіндегі, ұлттық идеологияның бір бөлігі.
Сайысқа қатысушылар – оқушылар, студенттер Қазақстан туралы үш немесе одан көп тілде Қазақстан туралы өлең дайындап келуі керек, өлеңдерінің бірі міндетті түрде ағылшын тілінде болуы тиіс болды.
Қатысушылардың көпшілігі Абай Құнанбаев, Мұқағали Мақатаев, Қасым Аманжолов, Ұлықбек Есдаулетов шығармашылығынан өлеңдер оқыды. Ақындар өлеңдерін жан тебіренісімен мәнерлеп оқып, туған жерге, Отанға деген махабаттарын көрсете білді.
Әділқазылар алқасы сайыскерлер өнерін мәнерлеп оқу, эмоционалдық бояу және орындау ерекшелігі, сахналық мәдениеті бойынша бағалады.
Нәтижесінде:
1 -орын – Екатерина Екимова (№19 мектеп)
2 - орын – Амина Амирова ( № 44 О. Бөкей ат. мектеп-лицейі)
3- орын – Данияр Армия (№ 43 мектеп).
Жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, AES компаниясының сыйлықтарына (планшет, смартфон, наушник, флешка ) ие болды. Басқа қатысушылар сертификаттармен марапатталып, естелік сыйлықтар алды.
Ұйымдастырушылар байқаудың жастардың оқуға, шет тілдерін үйренуге деген қызығушылығын оятып, қазақстандық үштілділік идеясын іске асыруға көмектеседі деп сенеді.
Барлық жеңімпаздарды құттықтай отырып, көрсеткен өнерлері үшін алғысымызды білдіреміз!

Байланыс тел.: 261-333
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26327077
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |

+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы