homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» желілік акция
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» желілік акция

23-31 мамыр аралығында кітапхана Шығыс Қазақстан кітапханалары арасында «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» желілік акциясын жариялайды. Әріптестер, достар фотосуреттер жіберіп, кітаптар ұсынып, бізбен ақпаратпен бөлісіңіз!

1997 жылдан бастап, 31 мамырда біздің еліміз саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтеді. Бұл күні біз жер аударылып, қамауға алынып, Сталиндік лагерьлерде ең ауыр сынақтардан өткен өткен барлық отандастарымызды еске аламыз.

Кеңес өкіметінің саяси ұстанымы өз ұлтының мүддесін ойлағандарды «ұлтшылдар», «тап жаулары», «жікшілдер», «оңшылдар», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деп бөлшектегені де тарихтан мәлім.
Еліміздің зиялылары әрқашанда ұлт мүддесін қорғай білді. Сондықтан да олар сталиндік саяси қуғын – сүргін құрығына жаппай ілікті.

Біздің жерлесіміз – ақын Павел Васильев 1937 жылы қуғын-сүргіннің ортасында қайтыс болған.

Соғыстың басында Шығыс Қазақстанға Поволжье мен Украинадан неміс арнайы қоныс аударушылары, 1944 жылы Қазақстанның басқа да аймақтарымен бірге біздің облысқа Кавказ халықтары жер аударылып келе бастады. Бірақ бұл қорқынышты кезең бұнымен аяқталған жоқ.

1951 жылы абайтанушы Қайым Мұхамедханов қамауға алынды. Қайым Мұхамедханов өзінің ғылыми-зерттеу қызметінің алғашқы күндерінен бастап Абай және сол кезеңде өмір сүрген ақын
дар туралы мәлімет жинап зерттей бастады. Ол 1951 ж. «Абайдың әдеби мектебі» докторлық диссертациясын қорғағаннан кейін, Қазақ КСР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының шешімінің атышулы 58 бабымен ұлтшыл деген айып тағылып 25 жыл бас бостандығынан айырылды. 1954 жылдың желтоқсан айында бұл айып жоққа шығарылып, ақталады. Алайда, Қ. Мұхамедханов 1955 жылы ғана қамаудан босатылады.

Соғыстан кейін қамаудың жаңа толқыны басталды.
Саяси қуғын – сүргін шаралары қазақты елдік санадан айыруға жол ашты. Саяси қуғын-сүргін салдарынан тексіздікке жол ашылғанымен, сталиндік зобалаң ұлт болмысының тамырын қиюға шамасы жетпеді.
2016 жылы Қайым Мұхамедхановқа 100 жыл толды. Осыған орай А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхана жеке библиографиялық көрсеткіш дайындады. Электронды библиографиялық көрсеткіште Қайым Мұхамедхановтың кітаптары мен басылымдары (мақала, аударма, басқа авторлардың шығармалары), сондай-ақ, өмір жолы мен шығармашылығы туралы мәліметтер, барлығы 1200-ден аса атаулар берілген. Облыстық Абай атындағы кітапхана өздерінің сайттарында Қайым Мұхамедхановқа арнап виртуалды көрме әзірледі.

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26333721
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102