«Кітапханадағы сиқырлы жаз»
- Толығырақ
- Құрылды 27.05.2016 13:38
1 маусым , Балаларды Қорғау күніне орай кітапхананың жас оқырмандарын «Сиқырлы жаз: тоғыз патшалық» көңілді мерекелік бағдарламасы күтеді.
Ал бұл патшалықты ақылды Кітап патшайымы билейді. Кітапхана алаңында ұйымдастырылатын кітап көрмесінің ұраны - «Оқимыз… Демаламыз… Ой-өрісін дамытамыз…» .
Кітаптар әр түрлі - киіз үй түрінде, пирамида түрінде (иә, иә, қазір мұндай да бар!), сондай-ақ, дәстүрлі түрде ұсынылады.
«Аруна», «Аванта» ... - отандық және шетелдік баспа өнімдерінің әдемілігі мен тартымдылығы жағынан бір-бірімен жарысқа түскендей, көздің жауын алатын кітаптарды бірден қолға алып оқығың келеді.
Абай, Пушкин, Лермонтов – оларды бүкіл әлем сүйіп оқитыны сөзсіз.
Әрине, Бердібек Соқпақбаев, Софья Прокофьев, Джеймс Барри, Лев Кассиль - біздің ата-әжелеріміздің сүйікті авторлары. Ал заманауи авторлар - Дейзи Медоус, Ширли Барбер… т. б.
Ең кішкентай оқырмандар үшін – Джилл Барклемнің «Ежевичная поляна» сериясы мен Олег Ройдың «Джинглики» кітаптарындағы кейіпкерлердің тамаша әлемі.
Елдер мен халықтар, жұлдыздар мен планеталар, аңдар мен құстар туралы - «Узнай мир» сериясы сыр шертеді. Осы жайында ақылды Кітап Патшайым айтып береді, оның көмегімен, кішкентай қонақтарымыз ойнап, ойлап кітап әлеміне саяхат жасайды.
Қадірлі қонақтарымыздың арасында жерлес жазушы, Ресей Жазушылар одағының мүшесі, «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің жетекшісі - Наталья Матвеева бар. Автор өзінің «Сказках старого кедра» шығармасымен оқырманын қиял-ғажайып әлемге жетелейді. Жазушы кітаптары мейірімділік, махаббат, адалдыққа шақырып, жоғары рухани сезімді оятады.
Балалар би топтарының өнері мерекеге ерекше сән береді....
Кітап оқып, ертегі тыңдағанды жақсы көретін кішкентай оқырмандарымыз апай, әжелеріміздің ертегілерін тыңдай алады.
Тоғыз патшалыққа саяхат жасауға бір аптаның өзі жетпейтін сияқты. Сондықтан, таңдау жасауға тура келеді. Немесе шағын экскурсия жасауға болады. Таңдау өз қолыңызда!
«Бояулар патшалығында» әр тілек білдіруші өзін суретші ретінде сезінсе, «Білімділер патшалығы» әртүрлі жаңа кітаптармен танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл патшалықта қызықты әдеби викторинаға қатыса аласыздар.
«Шахмат патшалығында» өздеріңізді гроссмейстер Гарри Каспаров, Анатолий Карпов ретінде сезінесіз...
«Негештер патшалығында» түрлі қызықты ғылыми эксперименттер жасап, «Жеті нота патшалығында » музыка әлеміне сапар шегесіздер.
Бала кезде барлықтарыңыз, тіпті кейбіреулеріңіз 10 жасқа дейін қуыршақпен ойнадыңыздар. Біздің «Театр патшалығында» өздеріңізді нағыз әртіс сезінуге мүмкіндіктеріңіз бар.
«Шеберлер патшалығында» қышпен жұмыс жасап, тоқыма тоқып, городецкі кескіндемесін салуды үйренесіз.
«Оқы, ізден, спортпен шұғылдан!» - бұл «Спорт патшалығының » ұраны. Мұнда сізді, ұлттық спорттық ойындар, шахмат, дойбы, арқан тарту көңілді сайыстар күтеді.
Шет тілдерін үйренуді армандасаңыз, бізбен бірге «Полиглоттар патшалығында» бастаңыз.
Кітап оқы, ой-өрісіңді дамыт! Жазғы кітапханада демал!!!!
Байланыс тел.: 26-13-33; 26-39-46
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26338783
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы