Анықтама-библиографиялық қызмет орталығы
Анықтама-библиографиялық қызмет орталығының құрамына үш сектор кіреді: Өлкетану секторы, қорды толықтыру және құжаттарды каталогтау секторы.
Өлкетану секторы. Бұл жерде ертіс бойының шежірешілері, ақпараттық өлкетану ресурстарын жинақтаушы және сақтаушылар жұмыс істейді. Өз өлкеңізді сүйесіз бе, тарихы мен әдебиетінің, мәдениеті мен табиғатының ерекшеліктерін терең білгіңіз келе – онда келіңіз!
Қорды толықтыру секторы. Кітапхана қорын құрады. Кітапхананың ақпараттық ресурстарын жаңарту және толықтырумен айналысады.
Каталогтау секторының қызметкерлері кітапхананың ақпараттық ресурстарын жүйелейді, құжаттарға сипаттама береді және сіздер үшін тиімді анықтама-іздеу аппаратын құрады.
Тел.: 261-333, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Неміс ақпараттық орталығы
Неміс оқу залы неміс тілін оқып-үйренушілерге барынша ақпараттық қолдау береді.
Сіздерге түпнұсқадағы көркем мәтіндер, оқу және әдістемелік әдебиеттер топтамасы, салалық басылымдар, энциклопедиялық қор ұсынылған.
Неміс тіліндегі клубтар Шиллер мен Гете тілін оқып-үйренуді ұсынады.
Тел.: 261-333, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Көрме залы
Екінші қабат холлы – нағыз мини галерея. Бұл жерге кітаптар- суретті экспозициялар қойылады, вернисаждар өткізіледі.
Тел. 261-333, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Интеллект-орталығы
Қаламыздағы жастарға арналған Интеллект-орталығы шығармашылығы мен ақыл ойын дамытып, уақытын қызықты әрі тиімді өткізгісі келетін жастар үшін.
Әр адам өзіне қызықты іс табады. Барлығы АҚЫСЫЗ!
Негізгі шартымыз - кітапхана оқырманы болуыңыз қажет!
Біз ВКонтакты желісіндеміз.
ОРТАЛЫҚ НЕСІМЕН ҚЫЗЫҚТЫ?
«IT-otau»: компьютерлік курстар;
«Түрлі-түсті айшықтар» сурет үйірмесі
«Кел, балалар, оқылық!» дауыстап оқу, талдау
«Қағаз айшықтары» қағаздан оригами жасау
«Қазақша сөйлейміз» қазақ тілі курсы
«Ағылшынша сөйлейміз» ағылшын тілі курсы
«Валл-и» роботтехникасы үйірмесі
«3D моделдеу»
«Чемпион» шахмат клубы
«PRO чтение» кітапқұмарлар клубы
«До-ми-солька» вокал үйірмесі ( 5-7 жастағы балаларға арналған)
«Вокалды коучинг» вокал сабағы
«Барыс» интеллектуалды дебат-клубы
«Қызым саған айтамын...» қыздарға арналған клубы
«Сиқырлы пішіндер» ермексазбен пішіндер жасау
Шеберлер мектебі
«Звездочка» өрме
«Клубок» тоқыма
КЕСТЕ КУРСҚА ЖАЗЫЛУ
Байланысшы: Алханова Раушан Абсеитовна., Кудайбергенова Нургуль Тел.: 261-333
Медиатека
Медиатека – ақпараттың электронды нұсқасын қалайтын оқырмандарға арналған зал. Мұнда әртүрлі талғамға бағытталған оқыту, танымдық әрі көңіл көтеру бағдарламалары бар CD, DVD, аудио және бейнекассеталар жинақталған. Сондай-ақ, мұннан көрнекті қазақстандық мәдениет қайраткерлерінің музыка, деректі және көркем фильмдер топтамаларын табуға болады. Медиатекада оқырмандар үшін түрлі бейнешолулар, медиасабақтар мен көптеген клубтар, әдеби-музыкалық салоны, интеллектуалды ойын клубтары, жұмыс істейді.
Тел.: 261-333, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Балалар секторы
Кітапхананың Балалар секторы – кішкентай оқырмандарымызға арналған көңілді әлем. Мұннан бүлдіршіндеріміз ағылшын, қазақ тілдерін үйреніп, тоқыма тоқып, түрлі-түсті қағаздардан бұйымдар жасап, ертегі мен аңыз кейіпкерлерімен таныса алады. Сондай-ақ, жас оқырмандарымызға:
- кітап оқу;
- библио-көңіл көтерулер (балалар журналдары мен газеттері);
- CD-сабақтар (электронды оқыту ойындары);
- медиа-танымдар (қоршаған орта туралы ғылыми-танымал әрі танымдық фильмдер);
- Интернет-дамытулар (веб-викториналар).
Тел.: 261-333, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Кітапты толықтыру және өңдеу орталығы
1-қабат, № 3 кабинет
Кітапты толықтыру және өңдеу орталығы - кітапхана топтамасының базасын қалыптастырады. Кітапхана қорын жаңарту және толықтырумен айналысады.
Тел.: 267-999, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Шеберлер мектебі
Түрлі-түсті жіптердің сиқырлы құпиясын білгіңіз келе ме? Бізге келіңіз! "Шеберлер мектебі" осы өнер түрін меңгергісі келетін жандарды шақырады. Оқу курсында: сурет, түрлі-түсті бояулармен жұмыс, көркем сурет, сазбен жұмыс, қабықпен өру, тоқыма станоктарында жұмыс істеу.
Тел.: 261-333, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Тағы мақалалар...
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26341897
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы