«Кемеңгер би-Кетбұқа» жыр-мүшәйрасы өз мәресіне жетті.
31 тамыз күні, А.С. Пушкин атындағы кітапханада «Кемеңгер би-Кетбұқа» атты жыр-мүшайрасының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды.
«Кемеңгер би-Кетбұқа» мүшәйрасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Кетбұқа-Төлегетай» халықаралық қоғамдық қоры, ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі және Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы жариялаған болатын.
«Білім толқынында»
«Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған»
(Ы.Алтынсарин)
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар және барша оқырмандар! Сіздерді жарқын да қуанышты мереке – Білім күнімен құттықтаймыз! Осы айтулы мерекеге орай А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы «Білім толқынында» атты кітап көрмесін ұсынады. Көрмеде мектеп оқушыларына, ата-аналар мен мұғалімдерге арналған көркем, анықтамалық, ғылыми-танымдық әдебиеттер жинақталған.
Толығырақ...Ата заң – ел ынтымағының ұйытқысы
«Конституция - кез келген мемлекеттің айнасы,
саяси тұрақтылығының тірегі»
С. Сартаев
А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық кітапханасы 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Ата заң – ел ынтымағының ұйытқысы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Егемен еліміз талай тарихи асуларды басынан кешірді.
Толығырақ...«Қазақстан – ядролық қарусыз әлем»
«Адамзаттың өзін-өзі өлтіру құралын
Дамытуға тосқауыл қойған шешімді бірінші
болып қабылдаған Қазақстан халқына
адамзат бір кездері өз алғысын да айтар»
О. Сүлейменов
Семей полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханада “Қазақстан – ядролық қарусыз әлем үшін’’атты экспозициялық кең көлемді көрме жасақталды.
Толығырақ...«Ғасыр қасіреті»: онлайн-кездесу
27 тамыз 2021 жылы, сағ. 15.00-де мүсінші, суретші-флорист, ағаштан түйін түйген шебер, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының мүшесі Құрман Абайұлы Аймұханбетовпен ZOOM - платформасында «Ғасыр қасіреті» тақырыбында онлайн кездесу өтеді.
Толығырақ...Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26611834
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы