«Елінің ер тұлғасы»: онлайн еске алу кеші
29 қазан 15.00-де Jitsi Meet интернет-платформасында және Facebook желісінде А.С.Пушкин атындағы кітапхананың парақшасында @pushkinlibrary Марқа өңірінің тумасы, КСРО Халық мұғалімі, Құмаш Нұрғалиұлы Нұрғалиевтің туғанына 95 жыл (1925-1988) толуына орай онлайн еске алу кеші өтеді.
Қатысушылар: «Педагогтар династиясы» (Нұрғалиевтар отбасы): педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик КазНАЕН, МАИН, АПНК, қашықтан оқытуға арналған электронды оқулықтарды жасау технологиясының авторы - Гүл Құмашқызы, Қ.Нұрғалиев атындағы колледждің директоры, педагогикалық ғылымдардың кандидаты Марат Құмашұлы, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледждің директоры Құрманов Фархат Сақанұлымен және де Құмаш Нұрғалиевтың көзін көрген ұстаздар, шәкірттері, жерлестері.
Құмаш Нұрғалиев – КСРО халық мұғалімі, педагогтар әулетінің негізін салушы, Елбасының «Книги профессиональных династий Республики Казахстан» атты кітабының бірінші бетіне енгізілген. Өмірге деген құштарлықтың керемет үлгісін көрсеткен аңыз-адам аға ұрпақ өкілдерінің есінде.
Онлайн кездесуде Ұлы Абайдың «Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай көрме» қағидатын өз ғұмырының бағдарламасы санаған, тағдыр тәлкегіне қасарыса қарсы тұрып, өмірден өз орнын тапқан, асыл ұстаз Құмаш Нұрғалиұлы туралы салиқалы ой қозғалады. Жиналғандар абзал ағаның артына қалдырған өшпес ізі, өмірге деген құштарлығы, ұмытылмас өнегесі туралы естеліктерімен бөліседі.
Елімізге танымал ұстаздар династиясы атанған Халық мұғалімі Қ. Нұрғалиевтің әке ісін жалғастырушы балаларымен танысып, лебіздерін тыңдай аласыздар. Өмірге деген шексіз құштарлықтың, қайсарлық пен батылдықтың символы Құмаш Нұрғалиұлының өмірінің жас ұрпаққа берері көп.
Байланысшы: Кемешева М. , тел.87052819343
Толығырақ...«Елінің ер тұлғасы»: онлайн еске алу кеші
29 қазан күні, сағат 15.00-де А.С.Пушкин атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен Марқа өңірінің тумасы, КСРО Халық мұғалімі, Құмаш Нұрғалиұлы Нұрғалиевтің туғанына 95 жыл (1925-1988) толуына орай онлайн еске алу кеші өтеді.
Толығырақ...Кинорежиссер Серік Апрымов: өмірі және фильмдері
Белгілі кинорежиссер Серік Апрымовпен онлайн кездесуді кітапханамыздың библиографы Жанна Тұрсынбекова Инстаграмдағы @pushkinlibrary парашасында. Аталған кездесу кейіпкеріміз әрі жерлесіміз, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, КСРО Кинематографистер одағының мүшесі, «Тарлан» сыйлығының және Қазақстан Жастар одағының лауреаты, жиырмадан астам халықаралық кинофестивальдердің марапаттары мен сыйлықтарына ие болған тұлғамыз Серік Секенұлының мерейтойына арналды.
Толығырақ...Тұсаукесер «Әр отбасының өз батыры бар»
27 қазан күні сағат 15.00-де А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Шығыс Қазақстан облысындағы білім саласы қызметкерлерінің «Әр отбасының өз батыры бар» кітабының тұсаукесері өтеді.
Толығырақ...Кәсіпкер, мецанат Сырымбек Тауұлымен тікелей эфир
27 қазан күні, сағат 15.00 –де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен белгілі кәсіпкер Сырымбек Тауұлымен «Кәсіпкерлік: сын-қатерлер, табысқа жетудің құпиясы» атты тақырыпта инстаграмм әлеуметтік желісінде @syrymbek_tau парақшасында онлайн сұхбат өтті.
Толығырақ...Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26614418
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы