Салт пен сана жаңғырсын!
31 наурызда «Парасат жолы» жобасы аясында «Өскемен - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен Өскемен қаласының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Салт пен сана жаңғырсын!» тақырыбында танымдық кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты - ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптей отырып, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру. Заман өзгерсе де ұлттық салт - дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту болып табылады.
Кездесудің басты қонақтары қалалық ақсақалдар кеңесінің өкілдері ұрпақтар сабақтастығы аясында өскелең жас ұрпақпен қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық құндылықтар тақырыбында ой бөлісті. Өз кезегінде қаламыздың белсенді жастары және тәуелсіздік ұрпақтары көкейлерінде жүрген сауалдарына тұшымды жауап алды.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26054531
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы