homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетЖаңалықтар«Ахмет Жұбановтың өнегелі отбасы»: онлайн кездесу
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Ахмет Жұбановтың өнегелі отбасы»: онлайн кездесу

 
29 сәуірде «Парасат жолы» жобасының аясында А.С.Пушкин атындағы ШҚО кітапханасының ұйымдастыруымен Zoom форматында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғылыми кітапханасының бас кітапханашысы Сүндетова Жания Сағнаевнамен «Ахмет Жұбановтың өнегелі отбасы» тақырыбында онлайн кездесу өткізілді.
Талантты отбасынан шыққан Ахмет Жұбанов  – тұңғыш өнер академигі. "Менің туып-өскен үйім – домбыра, ән, күй, жыр. Көркем әңгімені кәрі-жасына дейін қадірлейтін осындай ауылда өскен мен бес жасымда хат танып, домбыра тартып, өлең айтып, тақпақ жаттайтынмын. Ауылдың қақ ортасында суы мол үлкен құдық болатын, кешке қарай салқын түскен соң ауыл адамдары құдықтың басына жиналушы еді. Ән, күй, жыр тыңдап, ақындар айтысын тамашалайтынмын. Әсіресе, күйге деген ықыласы ерекше-тұғын. Күй тартпайтын кәрі-жасты кездестірмейтінбіз", - дейді естелігінде Жұбанов.
Ахмет Жұбанов 1933 жылы Алматы музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке келеді. 1934 жылы бір топ домбырашының басын қосып, қазақ ұлт- аспаптар оркестрінің негізін қалаған. Сол оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі дирижері болып, оркестрге қазақ халқының ұлы күйшісі Құрманғазының атын береді. Осы кезден бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін ол қазақтың музыкалық мәдениеті жолында қызмет етті
Жұбановтар әулеті дарын қонған отбасы. Ахмет Жұбановтың бауыры Құдайберген Жұбанов қазақ тіл білімі саласын зерттеген профессор, түркітанушы ғалым. Ұлы Асқар Жұбанов – өзінің саналы ғұмырын математика ғылымына арнаған белгілі ғалым. Қызы Ғазиза Жұбанова қазақ әйелдерінің ішінен шыққан бірінші кәсіби композитор, жиені Алан Бөрібаев дарынды дирижер.
Онлайн кездесумен https://www.youtube.com/watch?v=r3ZBAgMQgzQ сілтемесі арқылы таныса аласыздар. 
 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26339484
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102