«Студенттер арасында ЖЖБИ, оның ішінде АИТВ -ның алдын алу» онлайн дәріс
23 қазанда, сағат 11: 00 -де А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы мен «Шығыс» алдын алу медициналық орталығының ұйымдастыруымен «Студенттер арасында ЖЖБИ, оның ішінде АИТВ -ның алдын алу» тақырыбында дәріс өтеді. Дәріс ZOOM платформасында өтеді. Дәрісті «Шығыс» алдын алу медициналық орталығының маманы Ануарбекова Сания Маралбекқызы оқиды.
Бүгінгі таңда күн сайын жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды жұқтырудың бір миллионнан астам жағдайы орын алуда. Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар немесе жыныстық жолмен берілетін аурулар (ЖЖБИ) - бұл жыныстық қатынас кезінде бір адамнан екінші адамға берілетін аурулар. Қазіргі уақытта осындай аурулардың 30 -дан астам түрі белгілі.
Сонымен қатар, ЖИТС (иммундық тапшылық синдромы) деп аталатын ауруды тудыратын адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) сияқты инфекция жыныстық жолмен беріледі. АИТВ инфекциясы - бұл иммундық жүйенің жасушаларына әсер ететін созылмалы, баяу дамитын ауру.
Бұл дәрісте сіз ЖЖБИ -нің жалпы түрлері, жұқтыру жолдары мен алдын алу туралы ақпараттармен таныс боласыз.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26329012
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы