«Үш өнердің жүгін өрге сүйреген...» тікелей эфир
4 қараша 15.00 – де Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданының тумасы белгілі ақын, филология ғылымдарының докторы, Халық жазушысы Тұрсынхан Әбдірахманованың туғанына 100 жыл толуына орай А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында, Zoom - платформасында онлайн Еске алу кеші өтті.
Турсынхан Абдрахманова 3Тұрсынхан Әбдірахманова – Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданына қарасты «Бөке» кенішінде дүниеге келген. Жастайынан жетім қалып, өзінің еңбегімен, өжеттілігімен, талантымен биік белестерді бағындырған тұлға. Абай ауданында қызмет істеп жүрген кезінде оның әншілік қабілетін бірінші байқаған жазушы Мұхтар Әуезов екен. Алматыға жетелеп әкелген де сол Мұхтар Әуэзов болған. Ғабит Мүсірепов бастаған ұлылар бұл кісінің талантын жоғары бағалаған. Қазақстанның Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов ағамыз ол кісінің төрт қасиетін - әншілігін, ақындығын, ғалымдығын және қайраткерлігін басып айтып кеткен.
Тұрсынхан апамыз Олжас Сүлейменов бастаған «Невада-Семей» антиядролық қозғалысына белсене араласып, сонау Санкт-Петербургте қозғалыстың бөлімшесін құрды.
Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарында қарапайым мұғалімнен мектеп директоры, аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарған. Кейіннен бөлім меңгерушісі, аға редактор, ғылыми хатшы, болып істеген. «Ілияс Жансүгіровтың лирикасы»(1964) тақырыбында кандидаттық, «Қасым Аманжоловтың поэтикасы және оның бүгінгі қазақ лирикасымен дәстүрлік ұласуы» (1981) тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
1959 жылы «Ән» деген атпен тұңғыш жинағы жарық көрді. Содан бері қырыққа жуық жыр жинағы оқырманға ұсынылды. Олардың біразы орыс тіліне аударылып, жеке кітап болып шықты, кейбір өлеңдері чех, неміс, ағылшын, испан, француз, араб, корей және басқа шетел тілдеріне аударылды.
Өзі де аудармашылықпен айналысып, Евг. Юнганың «Даңқы өшпес кеме» повесін, М.Стельмахтың Лениндік сыйлық алған «Адам қаны – су емес» романын, А.Маяковскаяның «Владимир Маяковскийдің балалық және жастық шағы» атты әңгімесін, т.б. шығармаларды қазақ тіліне аударды. Бірнеше орден-медальдармен марапатталған.
1984 жылы «Қазақ КСР Халық жазушысы» деген атаққа ие болды.
Үш өнердің жүгін өрге сүйреген Тұрсынхан Әбдірахманованың шығармашылығы туралы Л.Гумилев атындағы ұлттық университеттің профессоры, ғалым Рақымжан Тұрысбек пен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, профессор Серікқазы Қорабай, ақын лирикасын зерттеуші, 5-томдық жинағының шығуына мұрындық болған Гүлнұр Оразбекқызы баяндама жасаса, ақынның 90 жылдық мерейтойы қарсаңында Жарма ауданының орталығы – Қалбатау ауылында бой көтерген еңселі ескерткіштің авторы, Тұрсынхан апамыздың туыстары атынан білім беру саласының ардагері Мәдениет Мәженова қызықты естеліктерімен бөлісті. Кеш барысында ақынның өлеңдері оқылды.
Жарма ауданы әкімінің орынбасары Айдар Маратұлы Ибраев және Жарма аудандық орталықтандырылған кітапхананың қызметкері Рахметова Жұмабақыт Толышқызы жерлес ақынның мерейтойына орай атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталды.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26331437
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы